ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ФЕДЕРАЛДЫҚ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗЕДІ

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 94 рет

2021 11 29 0a7fa386-cee7-4937-bbfb-eb3d3291841d

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті,
– Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ. Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр, – деп жазды Б.Уәли Facebook парақшасында.