АУДАННЫҢ 2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 100 рет

 

Қазығұрт аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі А.Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кірістер басқармасының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев төрағалық жасады.
Онлайн-трансляция режимінде өткен жиында Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020-жылғы 21 желтоқсандағы №66/399-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне және Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020-жылғы 21- желтоқсандағы №66/407-VI «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2021 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты комиссияда талқыланып, сессия отырысында шешім жобалары бірауыздан қабылданды.

Олжас ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.