Серкебаев Абай Салдарбекұлы – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жұма, 10 Желтоқсан 2021 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 85 рет

2    А.Серкебаев

Серкебаев Абай Салдарбекұлы 1969-жылы 23-қазанда бұрынғы Шымкент облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтын және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 1992-1993-жылдары Қазығұрт ауданындағы Т.Тоқтаров атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1993-1995 жылдары Қазығұрт аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің аға инспекторы, 1995-1998 жылдары Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1998-2002 жылдары Қазығұрт аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағынан қорғау басқармасының еңбек инспекторы, 2003-2007 жылдары Қазығұрт аудандық ішкі саясат және жастар ісі бөлімінің бастығы, 2007-2012 жылдары Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2012-жылдан 2021-жылдың қараша айына дейін Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.