Көшкінбай Аян Таубайұлы – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жұма, 10 Желтоқсан 2021 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 426 рет

3           А.КӨшкінбай

Көшкінбай Аян Таубайұлы 1981-жылы 16-қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы гуманитарлық университетін аяқтаған.
Қызмет жолын 2005-жылы Қазығұрт ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастады. 2006-жылдан кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, 2011-2013 жылдары аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман қызметін атқарды. 2013-жылдан 2021-жылдың қараша айына дейін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.