МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ АНАР ФАЗЫЛЖАНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жұма, 01 Сәуір 2022 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 163 рет

kz1-0мммм

Президентке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының үш бағытта жұмыс атқарып жатқаны туралы мәлімет берілді.
Анар Фазылжанованың айтуынша, бірінші бағыт – әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт – қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда, Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпараттық ресурс жасаған. Үшінші бағыт – қазақ тілін реформалау. Ондағы мақсат – ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.