«Шын мәнінде облыс бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құрылыс жұмысы да жүруде. Бұл жұмысты премьер-министр өзі жиі барып, мұқият қадағалап отыр. Амандық болса, Түркістан біздің тарихымыздың мәдениетіміздің алтын бесігі ретінде қайта қалпына келеді. Керемет сымбатты қала болып шығады деп ойлаймын» деген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс жұмысына оң бағасын берді.

Аталмыш отырыс барысында облыс басшысы Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына облыстың жай-күйі жайлы баяндады. Облыста инвестиция тартумен қатар, туристік жобаларды дамыту қолға алынған. 2025-жылға қарай аймаққа 4-5 млн туристі тарту жоспарланған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ө.Шөкеевтің айтуынша, облыстың ауыл шаруашылығы 4 пайызға дамып, тамшылатып суғару бойынша  1370 гектар жер өңделіп, екі есе көбейту көзделуде.

«Ауыз сумен қамту бойынша өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы» — деген Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің қолға алынып, биыл 43 елді мекенді ауыз су құбырымен қамтамасыз етіп, 7 елдімекендегі тозығы жеткен су құрылғылары жаңартылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, аталмыш мәселедегі қамту аймағы 80 пайызға жетеді деген Өмірзақ Естайұлы аймақтағы табиғи газ бен құрылыс мәселелерде де өсім бар екенін баса айтты.

 

ҚазақстанПрезидентінеминистрліктіңқазіргіжұмыстары, сондай-ақ, жаңаЭкологиялықкодекстіңәзірленубарысытуралымәліметберілді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Мемлекетбасшысықаттытұрмыстыққалдықтарғақатыстымәселелердішешу, соныңішіндесынақалаңдарынэкологиялықжәнесанитарлықталаптарғасәйкестендіру, сондай-ақ, қаттытұрмыстыққалдықтардышығаружәнеқайтаөңдеусаласыныңинвестициялықтартымдылығынкүшейтуқажеттігінайтты.

Қасым-ЖомартТоқаевсужәнеөсімдікәлемінқорғау, браконьерлікпенжәнеормандызаңсызотауменкүресжүргізумәселелеріайрықшабақылаудаболуытиісекенінетоқталды. Сонымен қатар, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды.

       Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің ресми сайты іске қосылғандығын хабарлады. «Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы http://Elbasy.kz іске қосылды. Жаңа сайтқа қатысты пікірлер мен ескертулер және ұсыныстарды осы жазбаның астында қалдыруға болады», – деп жазды А.Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.


 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы дәрі-дәрмек шығару жөніндегі бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді. Қазақстан Президенті Polpharma компаниясының фармацевтика саласында ғасырға жуық тәжірибесін атап өтіп, оның Польша нарығындағы көшбасшылардың бірі екенін және еліміздегі осы саланың дамуына ерекше  үлес қосып отырғанын айтты.

– Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына қосқан үлесіңіз бен Арыс қаласына гуманитарлық көмек бергеніңіз үшін айрықша ризашылық білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Ежи Старак Қазақстанда өте жақсы инфрақұрылым қалыптасқанын және оны дамытуға көп күш-жігер жұмсалғанын айтып, компанияның қазақстандық серіктестермен тиімді әрі табысты ынтымақтастығы тың серпін алатынына сенім білдірді. 

Қазақстан Рес

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөнінде уақтылы көмек көрсету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі  екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша мынадай жағдайларда:

1) аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) қарыз бойынша  жалпы берешегі 2019-жылғы 1-маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;

3) бір қарыз алушыға 2019-жылғы 1-маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері  300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойынша  біржолғы тәртіпте шаралар қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары     бар   Қазақстан   Республикасы   азаматтарының   2019-жылғы 1-шілдедегі жағдай бойынша есептелген  айыппұлдары мен  өсімпұлдарын есептен шығару;

2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша:

1)  мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты  тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салуды;

2) табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салуды;

3) кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шараларын көздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдасын!

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін!

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президентінің Жарлығы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВ Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

 

Бельгия Королі Филипп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті болып сайлануымен құттықтап, жоғары лауазымды абыроймен атқаруына тілектестік білдірді.«Мен Сіздің отандастарыңызға бақ-береке тілеп, екі елді жарастыратын достық пен ынтымақтастықты қолдайтынымды жеткізгім келеді», – делінген жеделхатта.

Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб өзінің құттықтау хатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауындағы айқын жеңісін оның саяси тәжірибесі мен көшбасшылығына деген халықтың сенімі екенін атап өтті.

Сингапур мен Қазақстан түрлі салалар бойынша тығыз жұмыс істеп келеді. Сіздің ел тізгінін қолға алып, Қазақстанды әрі қарай өркендете түсетініңізге сенімдімін. Екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін тығыз ынтымақтаса жұмыс істейміз деген үміттемін, – деп жазды Сингапур Президенті.

Румыния Президенті Клаус Вернер Йоханнис Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы жеңісімен құттықтап, демократиялық жаңғыру үдерістерін жалғастыруда табыс тіледі.

2003-жылғы Румыния мен Қазақстан Республикасының әріптестік және ынтымақтастық туралы Мәлімдемесінің және Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Келісім негізінде екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне кәміл сенемін, – деп жазды Клаус Вернер Йоханнис.

Австрияның Федералдық канцлері Бригитте Бирляйн да өз атынан құттықтау жолдап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа лебізін білдірген.«Екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра алатындығымызға сенемін», – делінген жеделхатта.

Корея Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы Халық Жиналысының Президиум Төрағасы Чве Рён Хэ Қазақстан Президентіне құттықтау хатын жолдап, жылы лебізін білдірген. Ол өзінің жеделхатында екі елдің ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынастары одан әрі нығая беретініне сенімді екенін айтқан.

Польша Республикасының сенаторлары Гжегож Челей мен Кажимеж Клейна да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы барлық сала бойынша ынтымақтастықтың жалғаса беретініне мүдделі екендерін жеткізген.

Эстония Республикасының Президенті Керсти Кальюлайд Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті болып сайлауына орай құттықтап, екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірген.«Елдеріміз арасындағы сындарлы және достық қатынастарды алдағы уақытта одан әрі нығайтамыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Болсонару Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтауында: «Бразилия мен Қазақстан халықтарын берік достық қатынастар мен ынтымақтастық байланыстырады. Біздің соңғы 25 жыл ішінде қалыптастырған серіктестігіміз ортақ құндылықтар мен мақсаттарға негізделген. Халқымыздың игілігіне арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Өзіңізбен бірге жұмыс істеуге дайынмын», – деп атап өткен.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингер          Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтай отырып, өзара тиімді ықпалдастықтың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірген.

Мен ЕҚЫҰ кеңістігіндегі кешенді қауіпсіздікті ілгерілету барысында Сіздің қолдауыңызға сенемін. Сондай-ақ, біздің әріптестігіміз Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың одан әрі нығая түсуіне септігін тигізетініне үміттенемін, – деп атап өткен Томас Гремингер.

Еуропалық Парламенттің мүшесі Андрей Мамыкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтау хатында Мемлекет басшысының Қазақстанды дамытып, алға қойған ауқымды мақсаттарын іске асыратынына сенімділік танытқан.

Еуропалық Парламенттің мүшесі ретінде мен Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени мәселелерімен айналысу мәртебесіне ие болдым. Сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы даму қарқыны мен белсенділігі жөнінде Еуропаның кең ауқымды аудиториясына үнемі айтып келемін, – деп жазған А.Мамыкин.

Сондай-ақ, құттықтау хаттарын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведо, Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Клаус Шваб, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова, Қызыл крест халықаралық комитетінің Президенті Петер Маурер, Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Хоулинь Чжао, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Михаэль Меллер, БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы гуманитарлық әріптестік жөніндегі көмекшісі Рашид Халиков, БҰҰ ЭСКАТО-ның атқарушы хатшысы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Армида Салсиах Алисджабана, БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының Бас директоры Ли Юн, БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясының Бас хатшысы Мухиса Китуйи, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия жөніндегі өкілі, аймақтық орталықтың Басшысы Наталья Герман, БҰҰ-ның Венадағы бөлімінің Бас директоры Юрий Федотов, Бас директордың орынбасары, Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Владимир Рахманин, Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвили,Ресейдің «Роснефть» ҰК Бас атқарушы директоры Игорь  Сечин, С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының ректоры, «Достық» орденінің кавалері Владимир Малышев, ENI компаниясының Бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци жолдады.

НҰР-СҰЛТАН.  ҚазАқпарат - Сайланған Президенттің кандидатурасын еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктер бірауыздан қолдады. Қазақстан халқы Ассамблеясы үндеуі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін оқырмандар назарына ұсынады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі  

Құрметті отандастар!

Біз - Қазақстан халқы - бәріміз бірге ел өміріндегі тағдыршешті оқиғаның қатысушысы және сол оқиғаны жасаушының өзі  болдық. 

Мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлауда, бәсекелестік күрестің нәтижесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының  Президенті болып сайланатын болды.

Оның кандидатурасын Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын.    

Осылайша, Елбасының Қазақстанды тәуелсіздік жылдарында табысты, қалыптасқан және ұдайы дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына қосқан стратегиялық бағытының нақты және баршаға түсінікті сабақтастық тетігі белгіленді. Соның арқасында бәріміз де еліміздің тұрақтылығына, қауіпсіздігі мен өрлеуіне сенімдіміз. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу»  деп тұжырымдалып, сайлауалды тұғырнамасында көрініс тапқан болашаққа нақты және сындарлы  көзқарасының негізінде сенімді жеңіске қол жеткізді.  

Бұл тұғырнама Қазақстанның барша халқына арналған. Онда қарапайым адамдардың жүрек түбіндегі тілектері мен кәсіпкерлердің үміттері, зиялы қауымның ұмтылыстары мен азаматтық қоғамның   талап-сұраныстары сол қалыптарында көрініс тапқан.

Тұрақтылық, татулық пен келісім, мықты әлеуметтік саясат, ұлтына, діни нанымына, мүліктік жағдайына қарамастан, бар азаматтардың теңдігі - Қасым-Жомарт Тоқаев  тұғырнамасының бұл басымдықтарын әрбір азамат жүрегіне жақын қабылдап, бар ниетімен қолдады.   

Сондықтан Президент Тоқаев ел халқы сайлаған, халықтық Президент болды.  

Сайланған Президенттің кандидатурасын еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктер бірауыздан қолдады. Олардың бастамасы бойынша «Біздің таңдауымыз - бірлік пен келісім!» Қазақстан халқының форумы» деп аталатын ауқымды, жалпыұлттық  акция өткізілді.

Ол барлық қазақстандық этностар тарапынан жаңадан сайланған Мемлекет басшысын белсенді түрде қолдаудың көрнекі, айқын көрінісі болды. 

Сайлау нәтижелері халқымыздың аса жоғары саяси мәдениет, азаматтық кемелдік деңгейін танытып, өздерінің прагматикалық мүдделерінің пайдасына объективті таңдау жасағанын бұлтартпай дәлелдеді.  

Біз Қазақстанның сайланған Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұдан арғы жұмысында  барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың  талап-тілектеріне мән беріліп, ескерілетіне сенімдіміз.  

Бүгін Қазақстан халқы өз жеңісін тойлауда!  

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша азаматтарды құттықтап, мемлекеттік құрылыстың алда тұрған жаңа мақсаттары мен міндеттерінің айналасында топтасуға шақырады.   

Біз тәуелсіз Қазақстанды қарқынды экономикасы, әлеуметтік әділ қоғамы, баршаға арналған тең мүмкіндіктері мен игіліктері бар мемлекет ретінде дамыту жолындағы ортақ мақсаттарымызға қол жеткізу үшін күш-жігерімізді аямай жұмсауға шақырамыз.

Біздің ендігі басты міндетіміз - Президент Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын елдің әр азаматы сезінетіндей нақты нәтижесі бар салмақты және шынайы істер ретінде жүзеге асыру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық саяси партияларға, қоғамдық ұйымдарға біздің үндеуімізді қолдап, Қазақстан одан әрі игілікті және өркендеп дами беруі үшін кең ауқымды жұмыс істеуге шақырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы,

Нұр-Сұлтан қаласы,

2019 жылғы 10 маусым

Президент кандидатурасын еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктер бірауыздан қолдадыӘміржан Қосанов 16,02% дауыс жинады, оның ішінде 1 472 733 қазақстандық дауыс берді.

Жамбыл Ахметбеков: 1.82% (167249 дауыс).

Дания Eспаева 5,2% (470 153 дауыс).

Төлеутай Рахымбеков 3.2% (294 271 дауыс).

Амангелді Таспихов 2,07% (190,304 дауыс).

Сәдібек Түгел - 0,92% (84 348 дауыс).

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, сайлауға қазақстандықтардың 77,4% -ы қатысты.

Тоқаев exit poll мәліметінше, 70,13% дауыс жинаған еді

 

Отырысқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саммиттің Елбасы Н.Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Келісімнің 5 жылдық мерейтойларына орай өткізіліп отырғанын атап өтті.

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының саяси және стратегиялық көрегендігінің арқасында еуразиялық интеграция идеясы іске асты, – деді Қазақстан Президенті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевқа «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті Төрағасы» атағын беру туралы ұсынысы үшін Қазақстан Республикасының атынан Ресей Федерациясының Президенті В.Путинге және осы бастамаға қолдау білдірген Кеңеске мүше-мемлекет басшыларына алғысын білдірді.

 Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының 2018-жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа жасаған төрағалығына жоғары баға беріп, Армения Республикасының төрағалығы да халықаралық ұйымның нығая түсуіне  ықпал ететініне сенім білдірді. 

Сонымен қатар, мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың өзекті мәселелері мен алдағы даму перспективаларына қатысты және 2019-2020 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық саясаты туралы пікір алмасты.