Сайлауалдыүгіт-насихатжұмыстарыаясында‹өтіпжатқаніс-шаралардаазаматтаркандидаттарменолардыңсенімбілдірілгенадамдарына‹өзталап-тілектеріндежеткізіпжатыр. Президенттіктенүміткерлерәлеуметтіңәл-ауқатынкөтеругеқатыстымәселелердіңбәріназардаболатынынмәлімдеді.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан президентікке кандидат Дания Еспаева Шымкент қаласының халқымен кездесті. Іс-шараға сайлауалды штаб мүшелері, Парламент Мəжілісі депутаттары жəне аймақтық штаб белсенділері қатысты. Кандидатпен кездесуге жергілікті кəсіпкерлер, мұғалімдер, дəрігерлер мен студенттер келді. Сондай-ақ көп балалы аналар да сол маңнан табылды. Президенттіктен үміткер жинал ған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сайлаушылар тарапынан негізінен жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, білім беру сапасы жəне зейнет жасының ұлғаюы сияқты əлеуметтік сұрақтар қойылды. «Мен барған кездесулердің барлығында дерлік əйелдер зейнет жасын ұлғайтпау туралы өтініштерін білдіреді. Бұл мəселе ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын – бəрін мазалап жүр. Жалпы, əлеуметтік мəселелер шешімін табуы үшін ел экономикасын жақсарту керек. Ал ол үшін кəсіпкерлікті дамытуды мықтап қолға алу қажет. Бұл менің сайлауалды бағдарламамда егжей-тегжейлі баяндалған», деді Д.Еспаева.

Сонымен қатар Шымкент қаласының ірі тоқыма фабрикасы ның қызметкерлері де өздерін қандай мəселе мазалайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, кəсіпорынның жұмыс істемей жатқанына 3 жылдай уақыт болғандықтан, мыңдаған адам, оның көбі əйелдер қауымы жұмыссыз қалған. Д.Еспаева орын алған жағдайды реттеуді қаперінде ұстап, шешілуіне үлес қосатынын айтты.

                                                     * * *

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған кандидат Төлеутай Рақым беков сайлаушыларымен бірге үгіт-насихат жұмыстарының аясында Нұр-Сұлтан қаласында өткен веломарафонға қатысты. Спорт шарасына 300-ге жуық адам қолдау көрсетіп, велосипедпен 20 шақырымнан аса қашықтықты еңсерді. Президенттіктен үміткер үнемі саламатты өмір салтын насихаттап, спортпен тұрақты шұғылдану керектігін, əсіресе жас толқынның осы бағытта белсенді болғаны маңызды екенін айтты. Елордадағы Ботаникалық бақта өткен іс-шарада Т.Рақымбеков бастаған əуесқой велошабандоздар біршама шақырымды артқа тастады. Жарысқа саябақ төңірегінде орналасқан үйлердің тұрғындары да қызығушы - лық танытып, қатарға қосылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық штаб өкілдері веломарафонды тамашалауға келген тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын таратып, қолдауға шақырды. Веломарафонға қатысу шылардың басым бөлігі жастар болғандықтан, канди дат өзінің сайлауалды бағдарламасындағы жастар саясатының тиімді моделі туралы кеңінен айтып берді. Республикалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов партияның үгіт-насихат жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын, бірінші аптаға қарағанда, қарқыны күннен-күнге күшейгенін айтты. Жалпы, Т.Рақымбековтің сайлауалды штабы осы күнге дейін 300- ге тарта іс-шара өткізді.

                                                            * * *

Қазақстан Коммунистік халық партиясынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірілген адамдарына Тараз қаласында облыстық драма театрда белсенді жастармен жəне «Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті. Жиынға партияның Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев пен «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Ирина Смирнова қатысты. Жамбыл облыстық сайлауалды штабы жастардың заманауи білімнің тасымалдаушылары екенін, басқа қоғам мүшелеріне қарағанда, өзгерістерге дайындықтарымен ұмтылыстары едəуір жоғары екенін ерекше атап өтті. Ж.Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасын таныс тыру барысында Ж.Нұралиев жастардың ұстанымдары мен моралдық тəрбиесі тақырыбын тілге тиек етті. Ол мемлекет балаларды əлеу меттік желілер контентінің кері əсерінен қорғауы тиіс екенін, сонымен қатар көркем əдебиет, ұлттық жəне əлемдік классиканың үздік шығармаларын оқытуды насихаттауға ерекше назар аудару керектігін айтты.

                                                      * * *

Nur Otan партиясынан президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Түркістан облысында болды. Сапар барысында штаб басшысы Мəулен Əшімбаев бастаған топ Түркістанда салынып жатқан əкімшілік-іскерлік орталығының құрылысымен танысып, жұмысшылармен əңгімелесті. Сондай-ақ ардагерлер аллеясында зиялы қауым өкілдері мен болған кездесуде ашық əңгіме форматында өтті. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары мен кездесуде кеңінен тоқталды. Жалпы, кездесулерде сабақтастық, əділдік, өрлеу қағидаларына негізделген бағдарламада халықтың əл-ауқатын арттыру, жұмыс істейтін азаматтарға лайықты еңбекақы төлеу, əлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту сияқты басым бағыттар нақты көрсетілгені айтылды. Облыс активімен кездесуден соң штаб мүшелері А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оқытушы профессорлық құраммен, студенттік ұйымдардың жетекшілерімен, сондай-ақ партияның «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Кандидаттың бағдарламасында жастар мəселесіне де ерекше мəн берілген. Штаб басшысы М.Əшімбаев жас ұрпақтың сапалы білім алып, бəсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы, тұрақты жұмысқа орналасып, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі Қ.Тоқаевтың басты назарында екенін атап өтті.

                                                           * * *

«Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы атынан президенттікке кандидат ретінде тіркелген Əміржан Қосановтың өңірлердегі сайлауалды штабының өкілдері шалғайдағы елдімекендерде үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізе бастады. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданында жəне Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентінде іс-шаралар ұйымдастырылып, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы нақтырақ талқыланды. Қоғамдық штабтар ауыл тұрғындарына Ə.Қосановтың өмір жолын, ұстанымын жеткізді. Бұған қоса жергілікті тұрғындарды 9 маусым күні өтетін президенттік сайлаудан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды. Ал сайлаушылар кандидат туралы оң көзқараста екендерін білдіріп, қолдау көрсететіндерін жеткізді. Сонымен қатар облыс орталықтары мен үлкен қалаларда Ə.Қосановтың кандидатурасын қолдауға үгіттеген науқандық іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Соның бірі президенттіктен үміткердің сайлауалды штабының өкілдері белсенді жастармен бірге Алматы қаласындағы Абай-Алтынсарин көшелері ауданында акция өткізді. Іс-шара барысында сайлаушылармен сұхбат жүргізіліп, науқандық парақшалар таратылды, кандидат ұстанымының негізгі бағыттары түсіндірілді. Əрі-бері өткен жұрт қызығушылық танытып, кандидатты жан-жақты білгісі келіп, сұрақтарын қойды жəне бағдарламасын əлі де кеңейте түсу үшін ұсыныстарын жолдады.

                                                 * * *

«Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан президенттікке кандидат Сəдібек Түгелдің сайлауалды қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыс тарының аясында Ақмола облысында қолөнерден шеберлік сабағын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жал ғасып келе жатқан асыл қазынамыз – қолөнерімізді дамыту. «Қазақ ұлттық мəдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Соның ішінде ою-өрнектер – əсемдіктің белгісі ғана емес, халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі шеберлік сабағы президенттіктен үміткер С.Түгелдің бағдарламасында қамтылған ұлттық өнерді, салт-дəстүрді дамыту бағыты аясында ұйымдастырылды», деді кандидаттың сайлауалды штабы басшысының орынбасары Д.Оралбекұлы. Аталған шеберлік сабағына қолөнерге қызығушылық танытатын жастар келіп қатысты. Талапты жастар шебер Ержан Кəрімханның қолөнер бұйымдарын тамашалап, жасалу əдіс-тəсілдерін үйренді. «Қолөнер – көрген көзге əдемі əсер ететін əрі тəрбиелік мəні бар нəзік дүние. Бұл – бағзы заманнан келе жатқан қадірлі дəстүріміз. Мен сол себептен ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген С.Түгелді қолдау үшін осы шеберлік сабағын өткізіп, жастармен тəжірибемді бөлістім. Өзім жасаған бұйымдар арқылы өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың төл өнерін насихаттағым келді», деді ағаштан түйін түйетін Е.Кəрімхан.

Дайындағандар

Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

 

9-маусымда өтетін Президент сайлауына 12 067 475
бюллетень дайындалады
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына қажетті бюллетендердің саны мен мәтінін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кандидаттар сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып енгізіледі.
Осыған сәйкес, кандидаттар бюллетенде мынадай тәртіппен көрсетіледі:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы;
Еспаева Дания Мәдиқызы;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы;
Түгел Сәді-Бек.
Әкімдіктер әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін сайлау комиссияларына дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 20 мамырда берген.
«Осы тізімдерге сай сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 адамды құрады. «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 37-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау бюллетеньдері сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервімен сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады. Осыған байланысты 12 067 475 сайлау бюллетенін дайындау қажет», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина.
Оның айтуынша, бір бюллетенді дайындау құны – 11 теңге. Сонда 12 067 475 бюллетенді дайындау үшін 132 миллион 742 мың 225 теңге жұмсалады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетендерін дайындайтын типографияны анықтап та қойды.
Сондай-ақ, бюллетендерді қолдан жасаудан және тиісінше оларды бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сайлау бюллетендерінің қорғалу дәрежесі белгіленді.
Сайлау бюллетендері облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларына үш күннен, яғни 6 маусымнан ерте емес және сайлауға дейін бір күннен, яғни 8 маусымнан кешіктірмей жеткізілуі тиіс.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 17 аймақтық бөлімшесі орналасқан кеңсесінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Президент халықаралық ұйым кеңсесінің ашылуы ел үшін ерекше маңызға ие – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.

Мажарстан Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы, Еуропалық одақ аясындағы негізгі әріптесі. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуырда Кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиалында бизнес-жобаларды қорғау бойынша басқосу өтті. Онда ірі қара мал басын бордақылау жайы кеңінен қозғалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Атамекен «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс алған кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш жоба аясында тренингті Нұр-Сұлтан қаласынан келген Жанна Маханова кәсіпкерлерге теориялық және практикалық оқу курсын оқытып, отыз жеті кәсіпкер сертификат алды.

1

Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қоғамдастықтың еліміздегі саяси оқиғаларға зор қызығушылық білдіргенін айтты.
– Мен тарихымыздың осы бір бетбұрысты кезеңінде қазақстандықтардың парасаттылық және береке-бірлік танытқанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы күндері менің атыма мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, еліміздің еңбек ұжымдарынан көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде. Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшылары телефон арқылы хабарласып, қолдау білдіріп жатыр, – деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің өсіп-өркендеуіне және орнықты дамуына бағытталған бағдардан мемлекетіміз айнымайтынына сенім білдірді.
– Біз барлық сынақтан абыроймен өтіп, табыс-ты мемлекет құра білдік. Оны бүкіл әлем біледі әрі құрметтейді. Мен қазіргі Қазақстанның негізін қалағандықтан мемлекетіміздің болашағына және азаматтарымыздың әл-ауқатына баса мән беремін. Менің барлық іс-әрекетім және қадамым осыған арналған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Қазақстан халқының мүддесі үшін стратегиялық бағдарламаларды одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
– Бағдарламаларды жүйелі іске асыру – дамуымыздың басты талабы. Біз азаматтарды тұрғын үймен, жұмыспен, сапалы медициналық көмекпен және біліммен қамтамасыз етіп, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету үшін тиісті жұмыстарды жалғастыра береміз. Мұның бәрі – жарқын болашаққа деген инвестиция, – деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел экономикасын одан әрі дамыту және жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін жақсы мүмкіндіктер бар екенін айтты.
Басқосуда, сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайылов және Энергетика министрі Қ.Бозымбаев баяндама жасады.
Елбасы өңірлердегі экологиялық жағдайды тиісті бақылауда ұстау және осы саладағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шаралар, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасының
Баспасөз қызметі

 

Түркістан облысындағы аудан, қалаларға 1 млрд. теңге қаржы беріледі. Бұл қаражат халыққа биыл пайдасы тиетін, нәтижесі көзге көрінетін, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге жұмсалуы керек. Облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті XXXVII сессиясында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев осындай мәлімдеме жасады.

Облыс әкімі бұл бастама аудандардағы қордаланған өзекті мәселелердің шешімін табуға оң септігін тигізетінін айтады.

«Түркістан облысының аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілу қажет. Елді мекендердің мәселелерін жүйелі түрде шешуіміз керек.  Осыған орай, аудандарды қолдау мақсатында алдағы үш жылда 1 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл қаражатты дұрыс бағытта жұмсап, игерген ауданға кейінгі жылы 2 млрд. теңге берілсе, ал игере алмаған аудандардың қаражаты керісінше қысқарып отырады. Осы арқылы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесін аңғаруға болады», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Сондай-ақ, өңір басшысы облыс бюджетінің кіріс бөлігінің тым аз екенін сынға алып, оны екі есеге ұлғайтуға кірісетіндігін жеткізді.

«Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты айтар болсам, облыс тек 53 млрд. теңге ғана кіріс табуда, менің ойымша, облыс кірісін  100 млрд. теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұлғайтуға қабілетіміз жетеді. Сондықтан да бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізу қажет. Сондай-ақ,  республикалық бюджет қаражаты қаралған облыстың Кешенді даму жоспарын қайтадан дұрыстап қарау қажет», – деді Ө. Шөкеев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік берді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым", деді Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде.

Президент алдымызда зор міндеттер тұрғанын, Қазақстан халқына сенім артатынын айтты.

– "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", – дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты, – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу жариялап, Президенттің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеген-ді. Мерзімінен бұрынғы сайлау осы жылдың 9-маусымында өтеді.




 

Назарбаев Тұңғыш президент кеңсесінің алдына қойылған міндеттерді дер кезінде және тиімді орындауды тапсырды.

Елордадағы Назарбаев орталығында Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңес өтті, – деп хабарлайды Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Жиын барысында Назарбаевқа Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелердің аяқталғаны жөнінде баяндалды, сондай-ақ, Елбасы кеңсесіне кадрларды іріктеу жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент кеңсесінің алдына қойылған міндеттердің уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Мен Тұңғыш президент – Елбасының тиісті конституциялық заңмен реттелетін міндеттерін атқаруға кірістім. Сонымен қатар, мен Қауіпсіздік кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасымын, «Nur Otan» партиясына басшылық етуді жалғастыра беремін. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Осы қызметті қамтамасыз ету үшін Тұңғыш президенттің кеңсесі құрылды. Ұйымдастыру мәселелерінің барлығы шешілді. Енді бәріміз жүктелген міндеттерді орындауға кірісуіміз керек», – деді Елбасы.

Назарбаев мемлекетті одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді сапалы шешу мақсатымен ведомствоаралық өзара тиімді ықпалдастық орнатудың қажеттілігін айтты.

«Бүгінде президент те, үкімет те мен бекіткен бағдарламалық құжаттарда, Жолдауда қамтылған, сондай-ақ, партия съезінде айтылған міндеттерді орындау бағытында жұмыс істеуде. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін, еліміздің тұрақтылығын, бірлігі мен дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл – бәрімізге ортақ міндет», – деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш президенті қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығына баса мән берді. Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш президент қорының талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жобаларын іске асырудың өзектілігі атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Ресми кездесу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына кірісуіне байланысты құттықтағаны және жылы лебіз білдіргені үшін Владимир Путинге ризашылық білдіріп, өзінің алғашқы шетелдік сапарының Ресей Федерациясына жасалуының символдық мәнін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ықпалдастығы көпшілік үшін қарым-қатынас жасаудың жарқын үлгісі болып саналатынын айтты.

– Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының сабақтастығын қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты әрі белсенді дамыту ісін жалғастыра беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығына, әсіресе энергетика, көлік, транзит, өнеркәсіп және ғарыш салалары мәселелеріне арнайы тоқталды.

– Ресей Қазақстанның сыртқы саудасындағы «нөмірі бірінші» әріптесі болып қала береді. Қазақстанның сауда айналымындағы оның меншікті үлесі 19 пайыз. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Елімізде Ресей капиталы қатысатын 9 мыңнан астам кәсіпорын өз жұмыстарын табысты атқаруда, – деді Мемлекет басшысы.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде Ресейге алғашқы сапарының символдық мәнін атап өтіп, екі ел арасындағы байланыстардың жоғары деңгейде екенін айтты.

– Сіз қарым-қатынасымыздың деңгейін білесіз және өзіңіз де бұған көп үлес қостыңыз. Әрине, бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі. Біздің жай әріптес қана емес, халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты байланыстар бойынша да жақын одақтас екеніміз сөзсіз. Қарым-қатынасымыз өте тиімді дамуда. Нақты әрі айқын нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Бұл халықтарымыздың тыныс-тіршілігінен көрініс тауып отыр. Сіздің бүгінгі сапарыңыз кең ауқымдағы екіжақты одақтастық байланыстарымызды нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Владимир Путин.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары мәдени-гуманитарлық саладағы мемлекетаралық өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.