Жолдауға қолдау

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 5-қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде Қазығұрт ауданында ақпараттық үш топ құрылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов жетекшілік ететін бірінші топ Шарбұлақ, Тұрбат, Қызылқия және Қақпақ ауыл округі тұрғындарымен кездесті. Оған топ мүшелері, аудандық ішкі саясат пен аудандық білім бөлімдерінің басшылары А.Серкебаев (топ жетекшісінің орынбасары) пен А.Үйсінбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері Д.Піртаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы П.Ырсалы қатысты. Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Нұрзия Майлыбаева Жолдауды түсіндіріп, баяндама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов жетекшілік ететін екінші топ Қ.Әбдалиев, Шанақ, Шарапхана, Қарабау және Алтынтөбе ауылы округі тұрғындарымен кездесті. Оған топ жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан, топ мүшелері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, аудандық ветеринария, аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары Ә.Жаншуақов, А.Баймұрзаев, Ә.Ертаев, А.Көшкінбай және «Киелі Қазығұрт» газетінің бас редакторы С.Мәмбеталиев қатысты. Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Зүбайра Досанбаева баяндама жасап, Жолдауды жан-жақты түсіндірді.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов жетекшілік ететін үшінші топ Қазығұрт, С.Рақымов, Жігерген және Жаңабазар ауылы округі тұрғындарымен кездесті. Оған топ мүшелері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық экономика және қаржы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары Аймен Өсербаев (топ жетекшісінің орынбасары), М.Сапиев, Б.Құралбаев, Қ.Бұхаров, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдос Өсербаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты А.Момынқұлов және «Қазығұрт айнасы» газетінің редакторы Р.Айтубай қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өмірзақ Мұстафаев Жолдаудың негізгі мазмұнын түсіндіріп, Елбасымыздың міндеттеген тапсырмаларын айқындап айтып берді.

«Қазығұрт-ақпарат».

Жолдауға қолдау

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты өзінің кезекті Жолдауын арнады. Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық, аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жұртшылықпен кездесулер мен талқылаулар өткізуді бастады. Осындай мақсатпен Қазығұрт ауданына Түркістан облыстық ақпараттық-насихаттық топ келді. Кездесуді аудан әкімі Төлеген Телғараев жүргізді. Оған облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев, облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев, облыстық сатып алу басқармасының басшысы Ерғали Білісбеков, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Рахмет Бектаев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ақпараттық топтың лекторы Мүсілім Алдабергенов, ауданның зиялы қауым өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, мектеп директорлары мен мекеме басшылары қатысты.

Облыстық ақпараттық топтың лекторы Мүсілім Алдабергенов Жолдауда қамтылған мәселелерді жан-жақты баяндады. Содан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, «Қазанның ХХХ жылдығы» атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары, аудандық өзбек этно-мәдени орталығының мүшесі Бахрам Сабитов және «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы Сағи Қыпшақбаев жарыссөзге шықты.

Елбасының әр жылдағы Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауы – еліміздің дамуының болашаққа арналған нақты бағдарламасы болып саналады. Онда –  мемлекеттің келешегі, халықтың әл-ауқаты мен қазақстандықтардың өмір сүруі деңгейін арттыруға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі кілті айқындалып көрінеді.Ауданымызға қарасты «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінің базасында Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызда тұңғыш рет IT-сыныбы ашылды. Бұл да өз кезегінде Жолдауда айтылған тапсырмалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуының көрінісі.

Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да сипаттама берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажеттігін де атап өтті.

Жастар атынан сөз алған С.Қыпшақбаев: «Президентіміз «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептердегі әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуді тапсырды. Бұл өз кезегінде жас өскіндерді патриоттық тәрбиеге, қылмыс жасамауға бейімдейді. Адам бойына жақсы, ізгілік қасиеттерді сіңіру – мектеп жасынан басталуы керек. Жасөспірімдердің арасында әскери бірлестіктерді құру олардың өмірге ерте бейімделуіне оң ықпалын тигізері сөзсіз. Елдік пен Тәуелсіздіктің киелі көк Туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін – жастар, біздер боламыз. Бұл дәуір бізді таңдады. Бізге берілген тарихи мүмкіндікті лайықты пайдалана білуіміз керек. Елбасымыздың осы арқылы жастарға деген сенімділігін жаңа Жолдаудан тағы да байқадық. Артылған үміт пен елдің болашағына деген ниет жандана түсті. Осы ретте, барлық әріптестерім мен замандастарымды   «2019 жыл – Жастар жылы» атануымен құттықтай отырып, бірлікпен белсенді жұмыс жасауға, елге қызмет етуге шақырамын!», – деді.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев кездесуді қорытындылап, Жолдауда айтылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуына нақты көңіл бөліп, жұмыс атқару – баршамыздың борышымыз екенін айтты.

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Шарбұлақ ауылы округі тұрғындарымен де кездесті. Шарбұлақтағы мәдениет үйінде болған Жолдау туралы жиынды ауыл әкімі Есімхан Исақұлов жүргізді. Жолдау туралы баяндамадан соң ауыл округінің төбе биі Амантай Құтымбет мен «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінің директоры Жанар Жансейітова жарыссөзге шықты.

Қ.ЕРГӨБЕКОВ.

Бұл Жолдаудың жөні бөлек

Сейсенбі, 23 Қазан 2018 00:00

 

     IMG 3925    

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауыңызды қазығұрттықтар үлкен үмітпен, көтеріңкі көңіл күйде қарсы алады. Биылғы Жолдауды ерекше форматта жария еттіңіз. Ең бастысы қарапайым, түсінікті тілде емін еркін жағдайда өз ойынызды көпшілікке жеткіздіңіз. Бір құптарлығы елде болып жатқан жағдайды бүкпесіз, бес саусақтай білетініңізге қайран қалдық. Премьер-министрден бастап, облыс әкімдерін ұйымдастырушылық, онтайландыру жұмыстарындағы келеңсіздіктерге байланысты орындарынан тұрғызып ашық айтып, батыл сынадыңыз. Екі сағатқа жуық созылған жолдаудан ұққанымыз көп.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлердің сапалық, ұйымдастырушылық қабілеттерімен ішкі істер құрамына оң өзгерістер жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бюджет қаржысын барынша үнемдеу, құрылысқа бөлінген қаржының бөлінуі мен игерілуіне мән беру. Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімнің өзіндік құнын кеміту, ауылдың болашағына үңіліп, жерді тиімді пайдалануды атап өттіңіз.

«Ауыл – ел тірегі», «Туған жерге – туыңды тік!» жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру, алдағы жылды   жастар жылы деп белгілеп, өсіп келе жатқан жастардың әлеуетін көтеру, қажетті жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелеріне кеңінен тоқталып өттіңіз.

Бір сөзбен айтқанда, сіздің Жолдауыңыз әрбір қазақстандықтарға алдағы жылы қарқынды еңбек етуге, елдің тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз.

Төле АҒАБЕКОВ,

Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы,

соцалистік еңбек ері.