МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАЗЫҒҰРТҚА КЕЛДІ

Дүйсенбі, 10 Қырқүйек 2018 00:00

IMG 8676

ТҮРКІСТАНДА "АҚЫЛДЫ ҮЙЛЕР" САЛЫНАДЫ

Дүйсенбі, 10 Қырқүйек 2018 00:00

 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық Logelis GROUPE құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесті.

 

5984

Қос тараптың екі жақты жүздесуінде шетелдік компания басшылығы аймақ басшысына облыс орталығы – Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттеджді үйлерді салу жобасын ұсына келіпті. Артықшылығы сол, "ақылды" үйлер электр қуатын үнемдеп, пайдаланушыны, мейлінше, артық шығынға ұшыратпайды әрі баспана бағасы қымбат емес бағамда қарастырылған.

Инвесторлар "смарт" үйлерді шаһардағы индустриалды аймақтан жер алып, сонда құрастырып, жасауды жоспарлап отыр. Жылына 1 мың үйге дейін жасап, салып беруге даяр компанияның бұл жобасы әзірге республикадағы ешбір аймақта жүзеге аспаған. Шетелдік инвесторлардың ұсынысындағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарға қаныққан өңір басшысы пилоттық жоба ретінде Түркістанда 50 үйді салуға болатынын жеткізіп, өңір үшін тиімді тұстарын зерделеуді тапсырды. Сонымен бірге, жауапты сала басшыларына "Нұрлы жер", "7-20-25" бағдарламаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда, тиісті жұмыстарға қосуды жүктеді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жолдаумен жарқын болашаққа

Дүйсенбі, 20 Тамыз 2018 00:00

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауы еліміздің жарқын болашағына жасалған нақты бағыт-бағдар іспетті. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ұжымымызда жан-жақты талқылап, басшылыққа алып отырмыз. Мемлекет басшысы бұдан бұрынғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айтылған ойларын әрі қарай негіздеп, нақтылай түскен. Бұл құжат енді сол Жолдауларда жүктелген міндеттердің орындалуына жаңаша қарқын береді. Яғни, Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін нақты 10 бағытты атап көрсеткен.

Осы Жолдаудың жетінші бағытында адами капитал турасында айтқан. Бұл бағыт – біздің мәдениетіміз бен идеологиямыздың одан әрі дамытуға жаңаша серпін береді. Жалпы, Елбасымыздың бұл Жолдауы «Рухани жаңғырудың» жетекші күші деуге әбден болады.

Гүлсім ДӘУЛЕТБАЕВА,

аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

555

Жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаралар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Осы жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы облыста 2018-жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 1,6%-ға жоғары.

– Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1283 автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі 320 бағыттағы 1081 кестеден тұрады. Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына байланысты, облыстағы ауданаралық 115 бағыттың 91-і облысаралық болып өзгереді. Облысаралық 39 бағыттың 13-нің бастапқы пункті Шымкент қаласы болуына байланысты, бұл бағыттар Шымкент қаласы әкімдігінің құзырына берілді. Одан бөлек, Шымкент қаласындағы 26 тасымалдаушы, 82 бағыт, 1744 автобус, 1261 кесте тікелей Шымкент қаласы әкімдігінің құзырында болады, – деді Н.Байғұт.

Қазіргі кезде Түркістан қаласынан 5 аудан орталығына Кентау, Арыс, Шәуілдір, Шолаққорған, Мырзакент тікелей тұрақты жолаушылар тасымалы орындалуда. Алдағы уақытта облыстағы қалған аудан орталықтарына, атап айтқанда, Шардара, Жетісай, Сарыағаш, Ленгір қалаларына және Абай, Қазығұрт, Темірлан, Ақсукент, Т.Рысқұлов және Шаян, Түркістан қаласынан тікелей тұрақты бағыттар ашу жоспарланып отыр.

Басқармаға тікелей қарасты ауданаралық, облысаралық тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін қоғамдық көліктер GPS жүйесімен жабдықталған. Елбасының Жарлығына сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығы болуына байланысты, қаланың көлік жүйесін жан-жақты дамыту мақсатында, қаладағы бағыттарға жыл соңына дейін электронды билет жүйесін орнату жоспарлануда. Пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласындағы бір бағытқа электронды билет жүйесін 2018-жылдың IІІ тоқсанына дейін тестілеу жоспарланды.

8c46a107a5f4194880034b8c0984c3a6 XL-1000x700

  

Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл ішінде Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет пен жеке құрамның күш-жігерінің арқасында мықты әскери әлеуеті бар ел тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналғанын атап өтті.

– Соңғы жылдары Қарулы Күштерді дамыту ісінде көптеген жұмыс атқарылды. Бірқатар маңызды стратегиялық құжаттар қабылданды, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасы және қорғаныс саласына қатысты нормативтік құқықтық актілер бар, – деді Қазақстан Президенті.Сондай-ақ, геосаяси ахуалдың өзгеруі және жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жағдайында Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру және жаңғырту болып саналатынын айтты.

– Сондықтан, Қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаны, яғни, қауіпсіздік жөніндегі көмекшім – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлын тағайындауға шешім қабылдадым. Сонымен бірге, Н.Ермекбаев кадрлық офицер, әскери қызметте тәжірибесі бар, соның ішінде, шиеленіс аймақтарында болған. Ол халықаралық мәселелер жөніндегі көмекші, Қытайда және Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елінде елші, министр және екі рет Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды, – деді Н. Назарбаев.

Бұрын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған Нұрлан Ермекбаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші Қорғаныс министрі болып отыр.