1110

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12-тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

 

Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтерлі 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 500 пәтері, яғни, 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. 

        Бұдан өзге, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік        коммуникацияларды жайластыру бойынша 2018-жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Түркістан облысын перспективалық дамыту бойынша Түркістан қаласының бас жоспарын қайта әзірлеу бойынша ағымдағы жылдың 12-шілдесінде халықаралық конкурс жарияланған болатын.

– Қайта әзірленген бас жоспарға сәйкес, «Тұрғын үй құрылысын дамыту» концепциясы бекітілетін болады. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың идеясы бойынша концепцияда Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту мақсатында салынатын көпқабатты тұрғын үйлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен биік болмайды. Өйткені, мавзолей мүмкіндігінше қаланың барлық жағынан көрінуі қажет. Салынатын баспаналар Орта Азиялық стильде, яғни, көне дәуірдегі сәулетпен салынады, деді Құттыбек Рахматтуллаұлы. 

        ҚР Үкіметінің 22.06.2018 жылғы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 344,7 мың шаршы метр болып белгіленген. Үстіміздегі жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 30 пайызға артқан. 

Облыста биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 79 көпқабатты тұрғын үйдің  құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 35 үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексі бойынша 2018-жылдың жоспары – 140,8 млрд. теңге. Бұл меже 6 айдың қорытындысы бойынша 117,8 пайыз орындалды 

Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі

Елбасы кеңес өткізді

Дүйсенбі, 23 Шілде 2018 00:00

                 8c63ef871abc50a73519170a04614122

Елбасы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, облыс басшылығының нақты жұмыс атқарып жатқанын және өңірде оң өзгерістердің байқалып отырғанын айтты.

– Мен бүгін бірнеше кәсіпорында болып, жұртшылықпен әңгімелестім, халықтың жай-күйімен таныстым. Облыс экономикасының шамамен 50 пайызы өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл – Қазақстан өңірлері арасындағы жоғары көрсеткіш, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Павлодар облысының географиялық тұрғыдан ұтымды орналасқанын атап өтіп, бұл өңір Ресей Федерациясының өнеркәсібі дамыған облыстарымен шектесетініне назар аударды.

– Бұл облыстың өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуеті зор, – деген Нұрсұлтан Әбішұлы инфрақұрылымды дамыту және тиісті нысандарды салу мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Астана мен Павлодарды бірінші санатты автобан жалғап жатыр. Енді, жол жүру уақыты бес-алты сағат емес, үш сағатқа созылады. Облыстың транзиттік әлеуеті кеңейіп келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-ақ, өңірдің кәсіпкерлеріне арналған сөзінде шикізатты қайта өңдеуді мейлінше жақсарту және бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелеріне назар аударды.

– Мен бүгін алюминий өндіретін, тоқ өткізгіш кабель жасайтын компаниялардың және басқа да кәсіпорындардың жұмысымен таныстым. Біз құрылыс материалдарын шығару, терезе жақтауларын, ыдыс-аяқ және алюминийден фольга жасау мүмкіндігін қарастыруымыз қажет. Міне, осы іске инвестиция тартып, күш жұмылдыру керек, – деді Елбасы.

Кеңес барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында іске асырылып жатқан жобалар жөнінде мәлімдеді.

– 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өнімі алғаш рет 2 триллион теңгеден асып, 3,6 пайызға жетті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 4,6 пайызға артты. Облыс кәсіпорындарындағы өндіріс үдерістерін цифрландыру жөніндегі Сіздің тапсырмаңыз орындалуда. Технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау ісіне 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, – деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы жиын қорытындысы бойынша өндіріске халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде көрсетілген «жасыл» технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті, Ресей облыстарымен шекарааралық сауда-саттықты дамыту, өңірдегі туристік кластердің әлеуетін арттыру, мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікті өркендету үшін нақты тапсырмалар берді.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілері, соның ішінде ERG директорлар кеңесінің төрағасы А.Машкевич, «Проммашкомплект» ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Д.Сыздықов, «Стальмонтаж» ЖШС-нің бас директоры А.Терентьев, «Казэнергокабель» АҚ-ның бас директоры О.Крук және басқа да азаматтар қатысты.

Астана – айбарымыз мақтан тұтар

Дүйсенбі, 16 Шілде 2018 00:00

Іс-шара  

IMG 3070

   Жуырда аудандық мәдениет үйінде Астананың 20 жылдығына орай «Астана – айбарымыз мақтан тұтар»  атты салтанатты кеш өтті.

Аталмыш шарада аудан әкіміТөлеген Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Өрісбай Көпеев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров сөз сөйлеп, Астана күні мерекесімен барша қазығұрттық тұрғындарды құттықтады.

     Айтулы мерекеде «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абай Серкебаев, «Қазығұрт тынысы» газетінің директор-бас редакторы Дәрменбай Шәріп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, «Қайып ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы, ауданымыздың Құрметті азаматы Сырым Ертаев марапатталды.

Ал, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін «Қазығұрт ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен Қазығұрт ауданы ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Тағай Мүсір, Еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Нұралы Әлімбаев, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауған соғысының ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Данабай Медеуов, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, ауданымыздың Құрметті азаматы Райымқұл Темірбаев, аудандық мұрағаттың директоры Садуақас Юсупов, Қазығұрт ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы, ауданымыздың Құрметті азаматы Мұхтар Момынов, аудандық мәслихаттың депутаты, ауданымыздың Құрметті азаматы   Абылахан Жылқыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Құттыбек Жұмашев, Еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Төлтай Кенжебаев, Қызылқия ауылы округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы Құрманғазы Тасполтаев, Еңбек және Ауған соғысының ардагері Төлеген Жандаров, Еңбек және Ауған соғысының ардагері Дәулет Тұртаев, Еңбек ардагері Есболат Нышанбекұлы, Еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Сейдулла Сеңгірбаев, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының маманы, бағдарлама әзірлеушісі Үрлайым Қосаева мен әдіскері Раушан Ешмухамбетова, «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін уақытша атқарушы Айтмұханбет Байтұрсынов пен «Жастар ресурстық орталығының» Қарабау ауылы округіндегі инспекторы Малика Кенжеева, Еңбек ардагері Нұрмұхан Пайзиев, Еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы Кәрібай Досанбаев, Алтынтөбе ауылы округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тамшыбек Доматов, Сабыр Рахымов ауылы округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы Манапбай Тілемісов, Еңбек ардагері Сарыпбек Жаңабаев, аудандық электр жүйесінің инженері, ауған соғысының ардагері Көрікбай Бейсембаев, «Киікбай» шаруа қожалығының төрағасы, ауған соғысының ардагері Гауһарбек Қаюпов, аудандық мұражайдың директоры Оралбек Тәжиев, Қызылқия ауылдық мәдениет үйінің директоры Серғазы Қалмұратов, Тұрбат ауылдық клубының меңгерушісі Мұхамедияр Смайлов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Нағима Нышанбаева, Жігерген ауылдық кітапханасының кітапханашысы Дүйсебек Есалиев марапатталды.

     Салтанатты кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, Астана жайлы әндер шырқалып, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ғазиза ҚОЙЛЫБАЕВА.

 

Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар  кәсіпкерлік және шаруа қожалықтың жұмысын аралап көрді.

 

1

Ең алдымен өңір басшысы мал бордақылаумен және ет өнімдерін өндіретін «Қарқын» – 2030» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 2009-жылы құрылған серіктестіктің меншігінде 250 гектар жер бар. 800 бас мал бордақылауға шақталған нысанда бүгінде 400 бас ірі қара байлануда. Цехта тәулігіне 5 тонна 12 түрлі шұжық өндіріледі. Дайын өнім елімізден бөлек, Ресейге де жөнелтілген. Онда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 50 адам маусымдық жұмыспен айналысады. Өткен жылы серіктестік 2 млрд. 955 млн. теңгенің өнімін өндірген. Соның есебінен 167 млн. 218 мың теңге салық түскен.

.   Серіктестіктің жұмысына қаныққан облыс әкімі осы жылдың бес айында өңір бойынша 90 мың тоннадан астам ет өндірілгенін айтып, оның ішінде 8 мың тоннаға жуығы Қазығұрт ауданына тиесілі екенін жеткізді. Бұл мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ үшін аз көрсеткіш екенін тілге тиек етіп, осы бағыттағы жұмыстарды дамытуды аудан басшысына тапсырды.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Қызылқия ауылдық округіндегі дәнді-дақыл мен жеміс-жидек өндірумен айналысатын «Аманкелді» ЖШС-не барды. Серіктестік бүгінде 2322 гектар жерді баптап, пайдаға асырып отыр. Мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық 2005-жылы арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болған.

. Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған кәсіпкер тамшылатып суару әдісінің арқасында шығын азайып, өнім көлемі артқанын айтады. Мәселен, алма, шабдалы, шие, алхоры, өрік, алмұрт, жүзім өнімдерінен 2017-жылы 14 млн. теңге табыс тапқан.

Бұдан соң әкім «Ыбрайым қажы» шаруа қожалығына аялдады. Мал азығын даярлаумен айналысатын қожалықтың меншігінде 0,25 гектар жер бар. Мұнда тәулігіне 2 тонна көк балауса (гидропон) өндіріледі.

Сапар соңында БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында облыс әкімі ауданда егін және мал шаруашылығы дамығанын айтып, бүгінде ауданда қарқынды бау көлемі артып келе жатқанына және халыққа қажетті коммуналдық мәселелерге тоқталды.

        Қазығұрт ауданында жалпы қарқынды бау көлемі 242 гектар болса, биылдың

өзінде 80 гектар жерге егілді. Жылыжайлардың өзі бір ауданда – 117, ал, биыл 30 гектар қосылып отыр. Аудандағы 28 мың гектарға егілген бидай мен арпаның орташа түсімділігі гектарына 23-25 центнерді құрайды деп күтілуде. Бұл да ауданның қазіргі жағдайының жақсарғандығын аңғартады. Бұдан бөлек, аудандағы 8 елдімекенде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Яғни, қазығұрттық 1800 отбасы биыл көгілдір отынға қол жеткізбек. Газдандыруды алдағы жылдары 95 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ол үшін тиісті жұмыстар жасалуда. Су мәселесінде де Қазығұрт алдыңғы қатарда, жалпы, ауыз сумен қамтамасыз ету 88 пайызды құрайды. Осы жылдың өзінде 9 елдімекенді таза ауыз сумен қамту жұмыстары қолға алынды. Осындай халыққа қажетті жол, су, газ мәселелердің барлығы ауданда тиісті деңгейде шешіліп келеді, – деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Дүйсенбі, 16 Шілде 2018 00:00

    

астык 0440-40aa-b4e2-f8066fdb5c8f

        

Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, осынау аз ғана жылдың ішінде дәулеті тасып, сәулеті асқан, жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналған Астанамыз – бүгінгі мақтанышымыз. 1997-жылдың 20-қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланғанда, талайдың көңілінде күдік пен үміт қатар жайғасқан-ды. Егемендігін алғанына көп болмаған, жаңа формациялық дәуірге көшіп жатқан өтпелі кезеңде және экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз әлі орнықпаған уақытта бұл қалай болады деп күмәндану да заңдылық еді. Бұл кезде бел қайыстырар реформалар да қатар жүріп жатқан еді. Десек те, қиын да болса, біз дұрыс жолдармен жүріп өтіппіз. Оған бүгінгі уақыт куә. Ел Елбасыға сенді, үмітті ту етті.

 

1994-жылдың 6-шілдесі күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмола көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мығым фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шықты. Бұл жайында Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзі пойызбен астанаға көшіп келді. Енді шешімнің дұрыс болғандығына ешкім де күмән келтіріп, дауламайды», – деп жазады.

Тағы айта кететін мәселе, «Ақмола астана болады» дегенде, жұрттың бәрі бөркін аспанға ата қуанып, алып-ұшып, жаппай ат басын Арқаға бұрғандай көрінгенімен, елдің астанасын ауыстыру мәселесі үлкен үгіт-насихат жұмысын жүргізуді қажет етті. Өйткені, кейбір азаматтар «Ақмоланың батпағы мен ызыңдаған масасын, суы мен аязды қысын алға тартып», құлаш-құлаш мақала жазып, қарсылық білдіріп те бақты. Елбасының жігерінің арқасында бүгін де Астана көз қуанышымызға ғана емес, Қазақстандағы ірі бизнес және мәдени, ал, әлемнің бірыңғай диалог орталығына айналды. Үгіт-насихат демекші, жаңа Елордамызбен мақтанып қана қоймай, Астананың құрметіне жыл сайын мағыналы шаралар өткізіледі. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, насихаттау шаралары жүйелі жүргізілуде. Мәселен, ауданымыздың барлық мектептерінде «Рухани жаңғыру» бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы мерейтойы стендтері жасақталып, көрнекіленген жерлерге ілінді. «Өлкетану» сабақтары бойынша Астананың 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында арнайы шығармалар мен сурет байқаулары, сондай-ақ, бірнеше рет Елордамыздың маңыздылығы жөнінде сайыстар ұйымдастырылды. Астана күні қарсаңында ауданымызда заманауи үлгідегі мектеп пен бірнеше обьектілер ашылмақшы.

Астана – елордамыз ғана емес, еліміздің дамуының бағдары.

Астанаға қарай бет түзейміз, ауыл-аймақты гүлдендірудің үлгі-өнегесін аламыз.

Астана – рухымыз! Рухы мықты халықтың арманы асқақ, мақсаты айқын болады.

Соңғы жылдары Қазығұрт ауданында да абаттандыру, көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізілді. Барлық ұжым жұмылып, ағаш көшеттерін отырғызды. Тұрғындар атқарылып жатқан іс-шараларға ризалығын білдіруде. Шағын және орта бизнесте, туризмді дамытуда да ілгерілеу бар.

   Жадымызға Елбасының 2013-жылғы 6-шілдедегі  мына сөзі жиі оралатыны бар: «…Ақорда резиденциясындағы менің жұмыс кабинетімнен біздің жаңа елордамыздың жүрек толқытар панорамасы көрініс береді. Көптеген кездесулерден, кеңестерден және құжаттармен жұмыстан тұратын тығыз жұмыс кестемде бос минут пайда болған сәтте мен қайта-қайта терезеге қараймын.

Мен кең дала төсімен есіле ағып жатқан Есілдің бүлкілсіз суы бетіне қазақстандық күннің қалай сәуле шашып шағылысқанын көремін. Ол қала шегіндегі адам қолымен жасалған жаңа өзен арнасы суында шомылып жүреді.

Кей кездері мен түнгі Астана көше­лерінде көлікпен немесе жаяу жүремін. Әр кез менің жүрегімді елорда үшін мақтаныш сезімі кернейді. Өзіме – иә, біз осыны жасадық деймін!»

Осы сөз есімізге оралған сайын біз де аудан үшін осындай игіліктер жасауға талпынамыз. Әрбір тұрғын осындай арман тұрғысынан жігерленіп, туған жерімізді түлетуге ерекше күшпен кірісуі керек. Өйткені, біздің күшіміз де, бақытымыз да бірлікте және ұлы еңбекте.

Осы аптада Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары – Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Туған күнің құтты болсын, Астана!

                                        А. СЕРКЕБАЕВ,

                             аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.