Жолдаумен жарқын болашаққа

Дүйсенбі, 20 Тамыз 2018 00:00

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауы еліміздің жарқын болашағына жасалған нақты бағыт-бағдар іспетті. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ұжымымызда жан-жақты талқылап, басшылыққа алып отырмыз. Мемлекет басшысы бұдан бұрынғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айтылған ойларын әрі қарай негіздеп, нақтылай түскен. Бұл құжат енді сол Жолдауларда жүктелген міндеттердің орындалуына жаңаша қарқын береді. Яғни, Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін нақты 10 бағытты атап көрсеткен.

Осы Жолдаудың жетінші бағытында адами капитал турасында айтқан. Бұл бағыт – біздің мәдениетіміз бен идеологиямыздың одан әрі дамытуға жаңаша серпін береді. Жалпы, Елбасымыздың бұл Жолдауы «Рухани жаңғырудың» жетекші күші деуге әбден болады.

Гүлсім ДӘУЛЕТБАЕВА,

аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

555

Жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаралар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Осы жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы облыста 2018-жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 1,6%-ға жоғары.

– Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1283 автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі 320 бағыттағы 1081 кестеден тұрады. Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына байланысты, облыстағы ауданаралық 115 бағыттың 91-і облысаралық болып өзгереді. Облысаралық 39 бағыттың 13-нің бастапқы пункті Шымкент қаласы болуына байланысты, бұл бағыттар Шымкент қаласы әкімдігінің құзырына берілді. Одан бөлек, Шымкент қаласындағы 26 тасымалдаушы, 82 бағыт, 1744 автобус, 1261 кесте тікелей Шымкент қаласы әкімдігінің құзырында болады, – деді Н.Байғұт.

Қазіргі кезде Түркістан қаласынан 5 аудан орталығына Кентау, Арыс, Шәуілдір, Шолаққорған, Мырзакент тікелей тұрақты жолаушылар тасымалы орындалуда. Алдағы уақытта облыстағы қалған аудан орталықтарына, атап айтқанда, Шардара, Жетісай, Сарыағаш, Ленгір қалаларына және Абай, Қазығұрт, Темірлан, Ақсукент, Т.Рысқұлов және Шаян, Түркістан қаласынан тікелей тұрақты бағыттар ашу жоспарланып отыр.

Басқармаға тікелей қарасты ауданаралық, облысаралық тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін қоғамдық көліктер GPS жүйесімен жабдықталған. Елбасының Жарлығына сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығы болуына байланысты, қаланың көлік жүйесін жан-жақты дамыту мақсатында, қаладағы бағыттарға жыл соңына дейін электронды билет жүйесін орнату жоспарлануда. Пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласындағы бір бағытқа электронды билет жүйесін 2018-жылдың IІІ тоқсанына дейін тестілеу жоспарланды.

8c46a107a5f4194880034b8c0984c3a6 XL-1000x700

  

Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл ішінде Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет пен жеке құрамның күш-жігерінің арқасында мықты әскери әлеуеті бар ел тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналғанын атап өтті.

– Соңғы жылдары Қарулы Күштерді дамыту ісінде көптеген жұмыс атқарылды. Бірқатар маңызды стратегиялық құжаттар қабылданды, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасы және қорғаныс саласына қатысты нормативтік құқықтық актілер бар, – деді Қазақстан Президенті.Сондай-ақ, геосаяси ахуалдың өзгеруі және жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жағдайында Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру және жаңғырту болып саналатынын айтты.

– Сондықтан, Қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаны, яғни, қауіпсіздік жөніндегі көмекшім – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлын тағайындауға шешім қабылдадым. Сонымен бірге, Н.Ермекбаев кадрлық офицер, әскери қызметте тәжірибесі бар, соның ішінде, шиеленіс аймақтарында болған. Ол халықаралық мәселелер жөніндегі көмекші, Қытайда және Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елінде елші, министр және екі рет Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды, – деді Н. Назарбаев.

Бұрын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған Нұрлан Ермекбаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші Қорғаныс министрі болып отыр.

1110

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12-тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

 

Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтерлі 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 500 пәтері, яғни, 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. 

        Бұдан өзге, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік        коммуникацияларды жайластыру бойынша 2018-жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Түркістан облысын перспективалық дамыту бойынша Түркістан қаласының бас жоспарын қайта әзірлеу бойынша ағымдағы жылдың 12-шілдесінде халықаралық конкурс жарияланған болатын.

– Қайта әзірленген бас жоспарға сәйкес, «Тұрғын үй құрылысын дамыту» концепциясы бекітілетін болады. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың идеясы бойынша концепцияда Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту мақсатында салынатын көпқабатты тұрғын үйлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен биік болмайды. Өйткені, мавзолей мүмкіндігінше қаланың барлық жағынан көрінуі қажет. Салынатын баспаналар Орта Азиялық стильде, яғни, көне дәуірдегі сәулетпен салынады, деді Құттыбек Рахматтуллаұлы. 

        ҚР Үкіметінің 22.06.2018 жылғы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 344,7 мың шаршы метр болып белгіленген. Үстіміздегі жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 30 пайызға артқан. 

Облыста биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 79 көпқабатты тұрғын үйдің  құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 35 үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексі бойынша 2018-жылдың жоспары – 140,8 млрд. теңге. Бұл меже 6 айдың қорытындысы бойынша 117,8 пайыз орындалды 

Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі

Елбасы кеңес өткізді

Дүйсенбі, 23 Шілде 2018 00:00

                 8c63ef871abc50a73519170a04614122

Елбасы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, облыс басшылығының нақты жұмыс атқарып жатқанын және өңірде оң өзгерістердің байқалып отырғанын айтты.

– Мен бүгін бірнеше кәсіпорында болып, жұртшылықпен әңгімелестім, халықтың жай-күйімен таныстым. Облыс экономикасының шамамен 50 пайызы өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл – Қазақстан өңірлері арасындағы жоғары көрсеткіш, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Павлодар облысының географиялық тұрғыдан ұтымды орналасқанын атап өтіп, бұл өңір Ресей Федерациясының өнеркәсібі дамыған облыстарымен шектесетініне назар аударды.

– Бұл облыстың өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуеті зор, – деген Нұрсұлтан Әбішұлы инфрақұрылымды дамыту және тиісті нысандарды салу мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Астана мен Павлодарды бірінші санатты автобан жалғап жатыр. Енді, жол жүру уақыты бес-алты сағат емес, үш сағатқа созылады. Облыстың транзиттік әлеуеті кеңейіп келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-ақ, өңірдің кәсіпкерлеріне арналған сөзінде шикізатты қайта өңдеуді мейлінше жақсарту және бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелеріне назар аударды.

– Мен бүгін алюминий өндіретін, тоқ өткізгіш кабель жасайтын компаниялардың және басқа да кәсіпорындардың жұмысымен таныстым. Біз құрылыс материалдарын шығару, терезе жақтауларын, ыдыс-аяқ және алюминийден фольга жасау мүмкіндігін қарастыруымыз қажет. Міне, осы іске инвестиция тартып, күш жұмылдыру керек, – деді Елбасы.

Кеңес барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында іске асырылып жатқан жобалар жөнінде мәлімдеді.

– 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өнімі алғаш рет 2 триллион теңгеден асып, 3,6 пайызға жетті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 4,6 пайызға артты. Облыс кәсіпорындарындағы өндіріс үдерістерін цифрландыру жөніндегі Сіздің тапсырмаңыз орындалуда. Технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау ісіне 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, – деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы жиын қорытындысы бойынша өндіріске халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде көрсетілген «жасыл» технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті, Ресей облыстарымен шекарааралық сауда-саттықты дамыту, өңірдегі туристік кластердің әлеуетін арттыру, мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікті өркендету үшін нақты тапсырмалар берді.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілері, соның ішінде ERG директорлар кеңесінің төрағасы А.Машкевич, «Проммашкомплект» ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Д.Сыздықов, «Стальмонтаж» ЖШС-нің бас директоры А.Терентьев, «Казэнергокабель» АҚ-ның бас директоры О.Крук және басқа да азаматтар қатысты.