Аудан әкімінің жүлдесі кімге бұйырады?

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 185 рет

Футбол

1111111

 

Қазығұрттағы орталық стадионда Қазығұрт ауданы әкімінің жүлдесі үшін және ауданның 90-жылдығына орай, футбол жарысы жалғасуда. Оған 12 команда қатысуда. Әр апта сайын командалар жасыл алаңда кездесіп, кім мықтыны анықтайтын болады. Доп додасының алғашқы турынан-ақ, тартысқа толар түрі бар.

Себебі, мұндағы командалардың барлығы да әр ауыл округіндегі бетке ұстар аяқ допшылар. Өткен жылы Жаңабазар ауыл округінің командасы жеңімпаз атанған болатын. Ал, биыл аудан әкімінің жүлдесі кімге бұйырар екен?

8989

 

ІІ-турдың ойын нәтижелері төмендегіше:

     «Қарабау» – «Қызылқия» 1– 0,                       «Жаңабазар» – «Алтынтөбе»1 – 1,

     «Жігерген» – «Шарбұлақ» 0 – 0,                         «Тұрбат» – «Қазығұрт-1» 1 – 1,    

       Заңғар «Рабат» – «Қазығұрт-2» 3 – 1,               «Шарапхана» – «Ардагер» 1 – 1.

Келесі кездесудің алғашқы ойынын сенбі күні «Қазығұрт-2» – «Қарабау»   командалары кешкі сағат 17:00-де бастайды.

Ал, 18:00-де «Шарапхана» – «Тұрбат», 19:00-де «Қазығұрт-1» – «Шарбұлақ» командалары өзара тартысқа түседі.

Жанкүйерлер жексенбі күні сағат 17:00-де Заңғар «Рабат» – «Қызылқия», 18:00-де «Жаңабазар» – «Жігерген», сағат 19:00-де «Ардагер» – «Алтынтөбе» командаларының ойынын тамашалай алады..

Б.ОРЫНБАСАР,

аудандық дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы.