Жерлестеріміз жүлделі орындарда

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 165 рет

                                               

Гулмира шахмат

Маусым айының 1-9 жұлдызы аралығынла шахматтан жасөспірімдер арасында ОҚО шахмат федерациясы президентінің кубогы болып өтті. Осы жарыста ауданымыздағы Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Мақсат Абдулхашимов (бапкері Б.Даулетов) өз жасында жасөспірімдер арасында І орынды, Еңбекші ЖОМ-нің оқушылары Ерзат Қалжігіт пен Сандуғаш Шаукен (бапкері Н.Омаров) І орынды жеңіп алды.

        Маусым айының 15-19 жұлдызы аралығында жастары 50 жастан жоғары және 65 жастан жоғары шахматшылар арасындағы ОҚО чемпионатында ауданымыздан Б.Даулетов ІІІ орынды иемденіп, 15-25 тамыз аралығында Түлкібас ауданында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

         Шілде айының 25 және тамыз айының 4 жұлдызы аралығында Иранда Азия ұлттары кубогы жарыстары (классика, рапид, блиц) өтті. ҚР намысын жерлесіміз, шахматтан Халықаралық дәрежедегі шебер Лаулетова Гүлмира қорғап, блиц түрінен күміс медалға қол жеткізді. Алдағы уақытта қыркүйекте Грузияның Батуми қаласында Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында ҚР намысын қорғайтын болады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

«Қазығұрт-ақпарат»