Жеңісті болған Жасмина!

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 152 рет

 

Қазығұрт аудандық «Жас туристер» станциясының үйірме қатысушысы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жасмина Бағысбай облыстық жас туристер станциясы ұйымдастырған «Үздік гид экскурсовод» байқауына қатысып, жүлделі 3-орынды иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Менің табысқа жетуіме жетекшім Айнұр Байжігітованың еңбегі көп. Ол кісіге айтар алғысым шексіз. Бірлесе отырып дайындаған «Біркөлік – жердің жәннаты» тақырыбындағы баяндамамыз өте көп дайындық пен еңбекті қажет етсе де, сол еңбектің жемісті боларына сеніп едік, сеніміміз ақталды, – деп қуанышымен бөлісті Жасмина.

Алар асуларың мен шығар биіктерің көп болсын, жарайсың, Жасмина!

М.АКИЛОВА,

«Жас туристер» станциясының

қосымша білім беру педагогы.