Кіші футболдан жарыс өтті

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 60 рет

56569

Қазығұрт ауданына 90 жыл толу құрметіне және Тұрбат ауылы халықтарының достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың кіші футбол түрін дамыту мақсатында «Қызылдихан» жалпы орта білім беретін мектебі ұжымы мен Тұрбат ауыл округі әкімі С.Атымтаевтың ұйымдастыруымен «Стықұл ата» спорт кешенінде Тұрбат ауыл округіне қарасты мемлекеттік мекемелер арасында спорттың кіші футбол түрінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа «Қызылдихан» жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.Касимов пен Н. Рықсыбаев төрешелік етті.

Жарыс қызықты және өте тартысты өтті. Қатысушылар «А» және «Б» тобына бөлініп, жалпы екі топта сегіз команда ойын көркін қыздырды. «А» тобында «Қазанның ХХХ жылдығы» мен Тураб Тула атындағы жалпы орта мектебі, Тұрбат ауыл әкімшілігі, және Тұрбат ауылдық емханасы, «Б» тобында «Қызылдихан», «Еңбек», «Жаңатірлік» жалпы орта мектебі, «Тұрбат» шекара заставасы командалары болып қатысты. Екі топтан жартылай финалға 4 команда шықты. Ақтық сайыста «Қызылдихан» жалпы орта мектебінің командасы мен «Еңбек» жалпы орта мектебінің командасы алаңға түсіп, тартысты өткен ойында 1-2 есебімен «Еңбек» жалпы орта мектебінің командасы жеңіске жетті. «Қазанның ХХХ жылдығы» мектебі – ІІІ, «Қызылдихан» мектебі – ІІ, «Еңбек» мектебі – І орынды иеленді.

Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Азиз ҚАСЫМОВ,

«Қызылдихан» жалпы орта

мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.