Волейболдан турнир болып өтті

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 883 рет

2e389fca-c5fa-438b-bf67-f09f320037b8

«Шарбұлақ» жалпы орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттары Ә.Жылқыбаев пен Е.Аманқұловтың арнайы жүлдесі үшін ерлер арасында волейболдан аудандық мектеп оқушыларының қатысуымен турнир болып өтті.

Мектеп оқушылары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған аталмыш шараға 10-нан аса команда қатысты. Кіл мықтылар қатысқан сайыс тартысқа толы болды. Турнирдің ақтық сынында төрт команда бір-біріне лайықты ойын үлгісін көрсетіп, нағыз мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысына сай, «Шарбұлақ» жалпы орта мектебі – І, «Ақбастау» жалпы орта мектебі – ІІ, «Еңбек» жалпы орта мектебі – ІІІ орынға ие болды. Ел егемендігін ұлықтаған мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырылған жарыс алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Нұрлан ЕСҚАРАЕВ,

«Шарбұлақ» жалпы орта мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі.