Күрес залы ашылды

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 152 рет

Игі іс

302

Жуырда А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Нұртай Қуанышбекұлы, Мұхит Каюмов, Марат Құралұлы, Серікбай Тойшиев, Бақыт Досанбаев, Нұрбол Тастанов, Әбдіғаппар Ережепов, Сапарғали Көмекбаев, Ғабит Исахов секілді азаматтардың демеушілігімен күрес залына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Қарабау ауыл әкімдігі ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бөрібай Досанбаев, аудандық мәслихат депутаты Бижігіт Қалдаров, ауыл ақсақалы Сайділла Болатбаев, облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы Барлыбай Қуандықов, ардагер ұстаз Керімбай Тұрлыбеков, «Абзал» балабақшасының меңгерушісі Сәуле Тілеубаева қатысты. Жиынға қатысқан азаматтар барлығы сөз алып, демеушілерге алғысын айтып, батасын берді. Облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы Барлыбай Қуандықов Қарабау ауылының тұрғыны Айту ақсақалдың біздің мектепте басшылық қызметтін атқарған кездегі еліміздің өсіп-өркендеуіне, жас жеткіншектердің сапалы білім алуларына қосқан еңбегін ескеріп «Алғыс хатпен» марапаттады. Аудандық мәслихаттың депутаты Қалдаров Бижігіттен Сәуле Тілеубаева тұлға боларлықтай азаматша екенін ескеріп ауданның Құрметті азаматшасы атағына ұсынуды сұрады.

Ғабит ИСАХОВ,

А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін

мектептің ұйымдастырушы педагогы

Айна ӘЛІБЕК,

қосымша білім беру педагогы.