Әріптестерімізді кәсіби жеңістерімен құттықтаймыз!

Жұма, 24 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 201 рет

Жуырда Түркістан қаласында облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Ең үздік әдістемелік басылымдар» тақырыбында пән мұғалімдері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, әдіскерлер, әдістемелік кабинет меңгерушілері арасында байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірбиелерін жинақтау және тарату.
Осы байқауға өз салалары бойынша қатысқан Қазығұрт аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі – Ақтолқын Шерова әдістемелік құрал бағыты бойынша жүлделі – І орын иеленсе, Абай (Жігерген) атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары Тәкен Айтбаев әдістемелік нұсқаулық бағыты бойынша жүлделі – ІІ орын иеленді. Әріптестеріміз арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ауданымыздағы білім саласының өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан мәртебелі мамандық иелеріне шәкірт тәрбиелеуде бақтарыңыз жансын дегім келеді.

Нұрлан АБИЛОВ,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.