БАЛУАНДАРЫМЫЗ жеңіспен оралды

Жұма, 24 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 837 рет

Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға мәлім. Жастар арсында салауатты өмір салтын ұстану, спортқа баулу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында дзюдо күресінен республикалық жарыс өтті.
Аталмыш сайысқа біздің қазығұрттық жерлестеріміз де қатысып, бақ сынасты. Еліміздің түкпір-түкіпірінен келген додада бапкер Ғазиз Тастановтың тәрбиеленушілері ауданымыздың «Болашақ» мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары Әмірәлі Бексұлтан, Саят Қалмұрзаев, Азизбек Бакиров, Шапағат Ақжол жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орын алды.
Аудан абыройын асқақтатқан жас спортшыларымыз алдағы уақытта да биік белестерден көрінеді деген сенімдеміз.
Асия СҮЙЕУБЕКОВА.