Спорттағы жағымды жаңалықтар

Жұма, 24 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 190 рет

Жуырда Шымкент қаласында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан ушу-саньда жекпе-жегінен ересектер арасында чемпионат өтті. Оған Қазығұрт ауданынан барған спортшыларымыз Сымбат Асқарова – ІІ, Нұрболат Наушабеков – ІІІ орын иеленіп, спорт шебері атанды.
Сондай-ақ, қазақ күресінен мықтылар түскен сайыста ІІ орынды иеленген Индира Бақтыберлиева (70 кг салмақта) Қазақстан Республикасының кубогын алды.
Қызылорда қаласында самбо күресінен Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирде Гайбалиев Арапхожа (82 кг салмақта) чемпион атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Салауатты өмір салтын ұстану – бұл әрбір азаматтың басты міндеті. Жастарымыз бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында көптеген спорттық үйірмелерге қатысуда. «Шынықсаң шымыр боласың» деген сөзді басты қағидасы ретінде ұстанатын жастардың келешегінен көп үміт күтуге болады.

Асия ДӘУЛЕТБЕК.

Тағыда осы категорияда: « БАЛУАНДАРЫМЫЗ жеңіспен оралды