Рухты жігіттер барда, қазақ күресі өшпейді

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 44 рет

«Келбет» жобасы

 

       Жуырда Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №11 колледжде «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша «Келбет» жобасы аясында «Рухты жігіттер барда, қазақ күресі өшпейді» атты аудандық №2 «Жас қанат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінен жаттықтырушы, Самбо күресінен ҚР спорт шебері, дзюдо күресінен 1-ші «дан» қара белбеу иесі, ушу-санъдадан Қазақстан біріншілігінің чемпионы, республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері Нұрболат Наушабековпен бенефис шоу өтті. Кешті орталық кітапхана жүйесі директорының орынбасары Р.Айтубай жүргізіп, спорттың кез-келген азаматтың бойына рух беретінін, қазақ елін, жерінің намысын қорғап, ауданда спорттың туын биікке көтерген азаматымыз Нұрболаттың ерлігін өскелең ұрпаққа мақтаныш, үлгі-өнеге ретінде дәріптеді.

         Адам жетістікке жету үшін алдына биік мақсат қоюы қажет. «Мақсат – жетістіктің желкені» демекші, Нұрболаттың тәрбиелеген шәкірттері Абдулла Еркебұлан, Ерік Үсенов сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Бұл жобаның басты мұраты – әр салада еңбек етіп, түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, елімізге танымал тұлғалардың өмірін болашаққа үлгі ету. Ұлттық, рухани құндылықтар мен жеке тұлғалардың өмір жолдарын таныстырып, жас ұрпаққа насихаттау, кітапхана мен оқырманды, оқырман мен белгілі тұлғалар арасын жақындастыру болды.                        

       Белгілі спортшы, әрі тәжірибелі бапкер Н.Наушабеков кітапхана оқырмандары мен колледж шәкірттеріне өзінің бұл дәрежеге қалай жеткендігі мен әрбір алынған жүлделердің үлкен еңбекпен келгендігін, сондай-ақ, қандай бір үлкен жетістікке қол жеткізу үшін кітапты көп оқып, жалқаулықты тастап, көбірек еңбектену қажеттігін айта келіп, оқырмандардан түскен түрлі сауалдарға салмақты жауап берді.                    

         Балуанмен болған кездесуден оқырмандар үлкен әсер алып, соңында естелік суретке түсті.                                            

А.ДОСБЕРГЕНОВА, 

кітапханашы. 

Тағыда осы категорияда: « СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ШЫҢДАЙДЫ