ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНУДЕ

Жұма, 15 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 115 рет

cd22fde0664050f55a67ad53d4b823f1 original.215520Жуырда Қазығұрт ауылының орталық футбол алаңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2009-2010 жылғы туылған жасөспірімдер арасында футболдан біріншілік өтті.
Жарысқа №4 БЖСМ-нің командалары қатысты.
Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт-1», екінші орынды «Тұрбат», үшінші орынды «Сынтас» командалары иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан дайындалған кубоктар, медальдар және ­дипломдар табыс етілді.
Жарыста ерекше көзге түскен «үздік ойыншы» Мұқсим Темірлан (Қазығұрт-1), «үздік шабуылшы» Ержанұлы Сұлтан (Қазығұрт-1), «үздік жартылай қорғаушы» Орынбаев Бекзат (Тұрбат), «үздік қорғаушы» Жәнібек Заңғар (Рабат), «үздік қақпашы» Айтпаев Әмірхан (Сынтас), сонымен қатар, белсенді ойын көрсеткені үшін Сатыбалды Нұрбақыт, Тәжібай Дулат, Бекмұрат Әбдінұр, Әмір Дінислам Рабат командасының ойыншылары арнайы ­дипломдармен марапатталды.

4ba6afab-8538-46fe-b333-9a6bb7756894
***
Футболдан жастар арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы, Б.Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернатының түлегі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Мамыров Данияр Саметұлын еске алуға арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөс­пірімдер арасындағы V-облыстық турнир өтіп, Қазығұрт командасы 3-орынды жеңіп алды. Муқсим Еркебұлан үздік ойыншы атанды. Команда жаттықтырушысы – Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ә.Сәдібеков пен М.Рысалиев.
***
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы құрметіне Келес ауданы, Абай ауылында футболдан 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтіп, Қазығұрт командасы І-орынды иеленді. Жарыс­та ерекше көзге түскен Эргашев Нұрсұлтан үздік ойыншы, Маликов Әділет үздік шабуылшы атанды. Команда жаттықтырушылары – М.Рысалиев және М.Айдаров.

П.ЕЛТАЙ,
Қазығұрт аудандық
№4 балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебінің әдіскері.