ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жұма, 22 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 189 рет

454dfab5-ec70-44f8-b59a-5536cab6435c

Жуырда Шымкент қаласында 9 айға жалғасқан «Шымқала лигасы» футбол турнирі өз мәресіне жетті. Облыс көлеміндегі кіл мықтылар қатысқан сайыста Қазығұрттың ­жастарынан құралған «Қазығұрт» футбол құрамасы 17 команданың ішінде ІІ-ші орынды еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді. Тартысты өткен бәсекеде І-ші орынды «Стандарт», ІІІ-ші орынды «MNgroup» командалары иеленді.

055fb79f-d26c-4f12-ac3c-ffb8619b9cf2
Демеушілердің есебінен «Қазығұрт» футбол командасының ойыншыларына дайындалған арнайы форманы жергілікті мәслихат депутаты Буденбаев Ертуған салтанатты түрде табыстады. Команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.
Айта кетерлігі, «Қазығұрт» футбол құрамасы әуесқойлар арасында Түркістан облысының 3 дүркін чемпионы және республикалық әуесқойлар арасындағы жарыстың қатысушысы.

 

Олжас ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.