ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ БАЛУАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жұма, 22 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 207 рет

65165

Шымкент қаласында дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті.
35 кг салмақта өнер көрсеткен Қазығұрт аудандық №2 БЖСМ балуаны Қалмырзаев Саят қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Ұйымдастырушылар тарапынан жарыс жеңімпаздарына арнайы медаль және диплом табысталды.
Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас балуан С.Қалмырзаевтың жаттықтырушысы, аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы – Ғазиз Тастанов.
Бұл ашық біріншілік дзюдо күресін жігіттер мен қыздардың арасында кеңінен танымал етіп, олардың спорт шеберлігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, достықты нығайтуға үлгі болды.

Олжас ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.