ШАХМАТ ҒЫЛЫМЫ АҚЫЛ-ОЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛҒАН ЕҢ ТАНЫМДЫ ДА, ҚЫЗЫҚТЫ СПОРТ ОЙЫНЫ

Жұма, 04 Наурыз 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 214 рет

3808d6ba-47b5-5bf0-84de-7bc0b03a7aa1

Турнир басында салтанатты түрде зейнеткер ұстаз Қ.Тәліпбай атаның, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің кәсіподақ төра­ғасы Скандар Мусақұлов, мектеп директоры Балқыбек Бердіқұлов турнирге келген қонақтардың ізгі-тілектерін тілеп, сәттілік жолдады.
«Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде ұлағатты ұстаз Тәліпбай Қаблановтың 76 жасқа толуына байланысты «Мен – Қазақстан чемпионы боламын» тақырыбында аймақтық дәстүрлі турнирде ұлдар арасында І орынды С.Рақымов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дәурен Рахматулла, ІІ орынды «Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Аят Тұрғынбеков, ІІІ орынды С.Рақымов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Мамыр Дидарбекке бұйырды.
Қыздар арасында І орын «Қызылата» жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Балнұр Әбдікерім, ІІ орынды С.Рақымов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ұлбосын Сейдуллаға, ІІІ орынды «Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Динара Елікбаева жеңіп алды.
Жеңімпаздар турнир соңында түрлі сыйлықтармен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұйымдастырылған іс-шараға атсалысқан оқушыларға, мұғалімдерге, ауыл тұрғындарына демеушілік жасаған Тәліпбай атаның ұл-қыздарына алғысымыз шексіз.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойына жақсы қасиеттер, рухани байлықтар әкелері сөзсіз.

Ғалымжан ИЛЛАБЕКОВ,
«Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.