Жуырда, ұлағатты ұстаз, ардақты әке, спорт ардагері Нартбаев Орынбасар Баймұсаұлының туған күніне арналған кіші футболдан білім беру ұйымдарының әкімшілік қызметкерлері арасында аудандық жарыс өтті. Қызықты да тартысты өткен жарыста жүлделі І орынды Дуанақұлов Қасымсейіт бастаған "Намыс" командасы жеңіп алса, ІІ орынды Тошаев Сәкен бастаған "Достық" командасы, ІІІ орынды Нартбаев Орынбасар бастаған "Бірлік" командасы иеленді.
Жүлделі болған командалар мен үздік ойыншылар кубок, медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Туған күн иесіне құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.
Б.ОРЫНБАСАР,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
денешынықтыру және спорт бөлімінің
бас маманы.