ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жұма, 15 Сәуір 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 124 рет

 129 спорт футбол

Жуырда Шардара қаласында 2022 жыл – «Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға аудандардан жиналған жалпы 16 команда қатысты.
Ауданымыздың намысын қорғаған №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларынан құралған құрама команда жүлделі 2-ші орынды иеленді. Команданы дайындаған жаттықтырушылар Сәдібеков Әділет және Рысалиев Мықтыбек.
Жерлесіміз Төлеген Нүркен чемпионаттың «Үздік шабуылшысы» атанып, құрмет көрсетілді.

М.АЙДАРОВ,
№4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы.