СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Жұма, 13 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 72 рет

Жуырда Ресей Федерациясының Орынбор қаласында дзю-до күресінен «Кубок Евразии – 2022» ІІ халықаралық турнирі болып өтті. Жарысқа жерлесіміз, №2 балалар және спорт мектебінің жаттықтырушысы Наушабеков Нұрболат өз шәкірттерімен қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келді.
Атап айтқанда, 50 кг салмақ дәрежесінде Үсенов Ерік Жаханбекұлы І орынды жеңіп алса, 38 кг салмақта Абдулла Бағлан Ерғалиұлы ІІІ орынды иеленді.

11

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында бокстан 2008-2009 жылы туылған жасөсірімдер арасында өткен «Қазақстан Респубикасының чемпионатына» ауданымыздың №2 балалар және спорт мектебінің жаттықтырушысы Әбдірайым Даулет шәкірттерімен қатысып, 66 кг салмақ дәрежесінде Көшербай Бейбарыс Ержанұлы жүлделі І-орынды жеңіп, Азия чемпионатына жолдама алды.

12

Ал, Тараз қаласында өткен 2002-2003 жылы туылған жастар арасында самбо күресінен «Қазақстан Республикасы чемпионатында» аудандық №3 балалар және спорт мектебінің жаттықтырушысы Бисебаев Радиктің шәкірттері, 79 кг салмақ дәрежесінде Нұрсейіт Санжар Бақтиярұлы І орынды иеленіп «Қазақстан Республикасының чемпионы» атанса, 64 кг салмақ дәрежесінде Давлятов Дияс Азаматұлы ІІ-орынды иеленді.

13
Алдағы уақытта да спортшыларымызға жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз.

Азамат ТҰРСЫНӘЛІ,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
денешынықтыру және спорт бөлімінің инспекторы.