ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Жұма, 01 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 210 рет

08      спорт

Жуырда «1-маусым балаларды қорғау күніне» орай 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Жарысқа облыстың үздік 9 командасы қатысты.
Жарыс қорытындысында «Қазығұрт» командасы І орын, «Түркістан» командасы ІІ орын және «Жетісай командасы» ІІІ орынды иеленді. Жарыста ерекше көзге түскен Абдіқайым Нұрқанат (Түркістан) – үздік қорғаушы, Нұртас (Сарыағаш) – үздік жартылай қорғаушы, Ақберген Сұлтан (Жетісай) – үздік шабуылшы, Жүніс Мейрамбек (Қазығұрт) – үздік қақпашы, Ербосын Темірлан (Қазығұрт) – үздік ойыншы атанды.

Пернехан ЕЛТАЙ,
аудандық №4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

Тағыда осы категорияда: « ШАХМАТ АҚЫЛДЫЛАР ОЙЫНЫ