Қаржы түсімі артығымен орындалды

Жұма, 27 Қаңтар 2017 09:18 Жарияланды Сұхбат Оқылды 561 рет

Мемлекеттік кірістер саласы – бюджетті құраушы негізгі қызметтердің бірі. Біз Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәулет Болатбековпен сұхбаттастық.

IMG 6469

– Даулет Елікұлы, 2016-жылға аудан қоржынына түскен салықтар мен түсімдер туралы айтып өтсеңіз.
– 2016-жылы мемлекеттік бюджет бойынша белгіленген жоспар 2240022,0 мың теңге болса, нақты түсім 2453763,9 мың теңгені құрап, орындалуы 109,5% болды. Яғни түсім 213741,9 мың теңгеге артып отыр.
– Республикалық бюджет жағы қалай? Ол жағын да айта отырсаңыз.
– Республикалық бюджет бойынша белгіленген жоспар 669061,0 мың теңге болса, нақты түсім 744637,4 мың теңгені құрап, жоспар 75576,4 мың теңгеге немесе 111,3% артығымен орындалды.
– Жергілікті бюджеттің жайын айтсаңыз.
– Жергілікті бюджет бойынша белгіленген жоспар 1570961,0 мың теңге қөлемінде бекітілген, ал нақты түсім 1709126,5 мың теңгені құрап, орындалуы 108,8% немесе 138165,5 мың теңгеге артық қамтамасыз етілді.
– Камералдық бақылау қорытындысы бойынша да хабардар етсеңіз.
– 2016 жылға жүргізілген камералдық бақылау қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 111976,0 мың теңге, жергілікті бюджетке 183411,0 мың теңге, жалпы 295386,0 мың теңге қосымша салық есептеліп, бюджетке толығымен өндірілді.
– Қосымша құн салығының электронды шот фактурасының барысы қалай?
– Мемлекеттік кірістер басқармасында жалпы қосымша құн салығына есепте тұрған салық төлеушілер саны – 78, оның ішінде 2016-жылы электронды шот-фактураға келісім шарт түзген салық төлеушілер саны – 77 болып, жалпы салық төлеушінің 98,7 пайызын құрады.
– Жеке тұлғалардың көлік салықтарының орындалуы қалай және салықтан жалтарып жүргендер бар ма?
– Ауданымызда 17204 көлік құралы тіркеуде тұрады. Жеңілдік алушылар саны – 2582, басқа қала, аудандарға көшіп кеткендер саны – 1249, қайталанған көліктер саны – 629, жарамсызы – 1386, иесі қайтыс болғандар саны – 852. Жеке тұлғалар бойынша 2586 көлік иесіне ескерту хаты жіберілді. 130 көлік иесінен 1986 мың теңге айып өндіру жайлы материалдар сотқа жолданды. Бұл бағытта тиісті іздеу-анықтау жұмыстары жүргізілуде.
– Ауданда акциз алымының жайы қалай?
– Жалпы, алкоголь өнімдерін бөлшек сату бойынша лицензия алымын төлеушілер саны – 46, бұдан бюджетке 2930,1 мың теңге лицензия алымы өндірілді.
– Жергілікті салық түсімін көбейту үшін қосымша резерв көздері іздестіріледі ме?
– Әрине, аула-аралау жұмыстары арқылы 87,0 мың теңге жер салығын, 69,0 мың теңге мүлік салығын бюджетке түсірдік. Көлік салығы бойынша 10837 мың теңгені өндірдік. Бұл процесс үздіксіз жүргізіліп келеді. Сонымен қатар шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие алып жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлердің есептіліктеріне камералдық бақылау жүргізіп, нәтижеде бюджетке қосымша 1800,0 мың теңге табыс салығы өндірілді және осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.
– Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қанша салық төлеуші тіркелген?
– 2016-жылға барлығы 7468 салық төлеуші тіркелген, оның қозғалыстағысы – 7096 салық төлеуші. Оның ішінде 842 заңды тұлға, бүгінгі таңға 750 заңды тұлға жұмыс істеп тұр.
– Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, көрсеткіші туралы бір ауыз айтып өтсеңіз.
– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін сақтай отырып, 13 қызметтің түрінен 37959 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды каналдар арқылысы – 32041, мемлекеттік кірістер басқармасы қабылдаған мемлекеттік қызметтер саны – 5766.
– 2016-жылға мүлікті жария ету бойынша қандай жұмыстар атқардыңыздар?
– Мүлікті жария ету бойынша комиссияларға түскен өтініштердің саны – 369, оның ішінде 353-і жергілікті атқарушы органға, 16-сы мемлекеттік кірістер басқармасына берілген.
Өтініштердің 335-і мүлікті жария ету комиссиясының оң шешімін тапқан. 335 жария етілген мүліктің бағалау құны 2 167 450,0 мың теңге. Оның ішінде тұрғын үй нысандардың бағалау құны 1 807 300,0 мың теңге, ал, коммерциялық нысандардың бағалау құны 306 500,0 мың теңге.
– 2016-жылға салық төлеушілер тарапынан орын алған құқық бұзушылықтарға қандай шаралар көрілді?
– Жалпы, 525 заң бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішіндегі 436 материалда ескерту түріндегі шара қолданылды. Ал, қалған 76 жағдайда 4104,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл әкімшілік құжаттар сотқа жолданды.

Райхан ӘШІРБАЕВА.