Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015-жылғы 27-наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органында комиссиялық түрде жүргізілетін болады.
Ерікті түрде тіркел-меген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады. Өткен жылы осындай ерікті түрде 28 дана қару-жарақ жиналған болатын.
М.Оспанқұлов,
аудандық ІІБ-ның Азаматтық
Қызметтік қару айналымын
Бақылау тобының инспекторы,
полиция капитаны.