Заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:36 Жарияланды Заң Оқылды 2481 рет

Қазақстан Республикасы 2017-жылғы 27-ақпандағы №49-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда:


Біріншіден, Қазақстан Республикасының 1995-жылғы 17-сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңы 6-баптың 13-бөлігімен толықтырылды.
Яғни, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ, осы Заңның 6-1 бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшыларды) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі» делінген.
Сонымен қатар, 11-баптың 6-бөлігі былайша өзгертілді:
«Мемлекеттік тіркеуден (қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды».
12-баптың 2-бөлігіне де өзгеріс енгізілді:
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізіңде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі».
Екіншіден, Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 14-шілдедегі «Нотариат туралы» Заңындағы «Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестірілген өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы» деген 37-бабы 8) тармақшамен толықтырылды:
«8) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары нотариаттық куәландырған құжаттарға теңестірілген».
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының 2002-жылғы 18-наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңындағы «Әділет органдарының өзге де функциялары» деген 23-бап 1-тармағы мынадай мазмұнда 9-3) тармақшамен толықтырылды:
«9-3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ету».
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 26-шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңындағы 5-баптың 1) тармақшасы өзгеріп, оған «рента» деген сөз қосылған.
Яғни, «Кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы, рента» делінген.
7-баптың 7-тармағының екінші бөлігі былайша өзгерілді:
«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде және құқық белгілейтін құжатта қамтылатын мәліметтерде алшақтық болған жағдайда, тіркеу ісінде тіркелген құқық белгілейтін құжатқа басымдық беріледі».
Ал бұрын, «Құқықтық кадастрда және құқық белгілейтін құжатта қамтылатын мәліметтерде алшақтықтар болған жағдайда, басымдық алшақтықтың мәні ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады» делінген-ді.

М. НҰРАН,
аудандық әділет басқармасының
бөлім басшысы.