ЭКСПО көрмесінің билетін темір жол билетімен бірге алған тиімді

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 11:03 Жарияланды Заң Оқылды 1744 рет

Темір жол тасымалдаушы ұйымдар «Астана ЭКСПО» диконтты картасы арқылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында жолаушыларға жаңа қызметтер ұсына бастады. Жолаушыларға «Астана-ЭКСПО» диконттық картасын қазіргі уақытта ірі темір жол билет кассаларынан сатып алуларына болады. Аталған карта «Тұлпар-Тальго» пойыздары билеттерінің құнына 2017-жылдың соңына дейін 15 пайыздық жеңілдік береді. Сонымен қатар, кез-келген демалыс күнінде «ЭКСПО» көрмесіне кіретін 1 дана премиум билеті қоса сыйға беріледі.

EXPO-2017 logo
Бұдан бөлек, кешенді қызмет (т/ж билеті+көрме билеті) арқылы жолаушының қалауы бойынша кез-келген бағытқа құны 2000 теңгеден асатын темір жол билетімен бірге «ЭКСПО» көрмесінің билетін де қоса сатып ала алады. Бұл ретте «ЭКСПО» көрмесіне билеттің үш түрі ұсынылады. Біріншісі – жұмыс күніне мерзімі көрсетілген билет. Оны алған жолаушы көрмеге баратын күнін өзі белгілейді. Екіншісі – жұмыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет. Бұл орайда жолаушы көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады. Ал, демалыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет бойынша жолаушы көрмеге кез-келген демалыс күні бара алады. Кешенді қызметті пайдаланған жолаушы 1600-4000 теңге аралығында үнемдеуі мүмкін. «ЭКСПО» көрмесіне билет темір жол кассаларында бөлек сатылмайды.
Қосымша ақпаратты www.temirzholy.kz сайты, 8 (7172) 60-02-49 телефоны немесе аудандық кәсіпкерлік бөлімінен ала аласыздар.

Ғ. Төлепов,
аудан әкімінің орынбасары.