Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 11:07 Жарияланды Заң Оқылды 1408 рет

уйӘділет органдарының басты міндеті – төрешілдік, сыбайлас жемқорлық, қағаз әуре-сарсаңы мен әкімшілік кедергілерді жою. Бүгінгі таңда үкімет порталы арқылы әділет органдары да электронды форматта қызмет көрсетеді. Осындай қызметтердің бірі, 2013-жылғы 1-қаңтарда енгізілген жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу болып табылады. Ол үшін Қазақстан азаматтары нотариус¬та келісім рәсімделгеннен кейін 1 күн ішінде әділет органдарында өз құқықтарын тіркей алады. Келісімге қол қойылғаннан кейін нотариус сатып алушының жазбаша келісімімен өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен құпталған құжаттарды электронды түрде «Е-нотариат», яғни бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйенің бағдарламасы арқылы аумақтық әділет органына жібереді. Жылжымайтын мүлікті сатып алушы келісімге қол қойылғаннан кейін, Қазақстан Республикасы электронды үкіметінің төлем шлюзі арқылы тіркеу үшін алым сомасын төлеуі қажет. Электронды тіркеу үшін азаматтардың электронды цифрлы қолтаңбасы қажет етілмейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласына электронды тіркеуді енгізу мемлекеттік тіркеу мерзімін 5 күннен 1 күнге дейін қысқартты, сонымен қатар жедел тіркеу үшін алым төленбейді. Электронды тіркеудің жеке және заңды тұлғалар үшін ең басты артықшылығы – уақыт пен материалдық шығынның азаюы. Енді нотариуста келісім жасалғаннан кейін азаматтар құжаттарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсырып, әділет органдарының шешімін күтпейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің электронды түрі рәсімдеу шараларын түбегейлі жеңілдетіп, кедергілерді жойып, азаматтарға қолайлы жағдайлар туғызуда. Қазіргі таңда осы жеделдетілген мемлекеттік қызмет түрін қолданушылар саны күннен-күнге өсуде.

А.Баратова,
Қазығұрт аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы.