Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы – түзелудің негізгі кепілі

Жұма, 05 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 120 рет

                                                                         Комиссия отырысы

 

   Аудан әкімдігінің кіші залында Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша концультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жүргізіп отырды.

       Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші, пробация есебінде тұрған азаматтарға көрсетілген әлеуметтік көмектер мен еңбекке, мәдени және спорттық шараларға тарту жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Тезекбаев, ал, екінші мәселе пробация қызметтері және ішкі істер органдарында есепте тұратын азаматтармен жасалған профилактикалық жұмыстар жайлы Қазығұрт аудандық пробациялық қызмет бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қазыбеков баяндама жасады. Аталған азаматтардың баяндамасымен танысқан комиссия мүшелері пробациялық есепте тұрған азаматтармен жұмысты үйлестіруде көптеген кемшіліктер барын, оларды қоғамға тартып, араластыруда белсенділік танытып, жүйелі жұмыстарды қолға алу керектігі айтылды.

     Аудан прокуроры Б.Қорғанбаев алдағы комиссия отырысында атқарылған жұмыстың нәтижесін кесте бойынша көрсетіп, сол салаға жауапты мамандарды бұйрық бойынша бекітіп, заң шеңберінде жұмыс істеу керектігін, сотталған азаматтарға жыл басынан бергі берілген көмектер мен өзге де жұмыстардың нәтижесін көрсетіп, іс-шара жоспарын қайта толықтырып, бір апта ішінде жеткізуді ұсынды. Алдағы уақытта аталмыш отырысқа тиісті сала басшыларының (өзге мамандарды емес) өздері қатысса деген талабын жеткізді.

     Алдағы уақытта «Пробация үйін» ашуды қолға алуды, жазасын өтеп келген азаматтар мен азаматшаларды қоғам өміріне бейімделуіне ықпал жасап, мүмкіндіктерін ескеру қажеттіліктері сөз болды.

     Жиынды қорытындылаған С.Тұрсынқұлов сотталғандардың әлеуметтік және тұрмыстық деңгейінің жақсаруына ерекше назар аударып, нақты жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Ғазиза ҚОЙЛЫБАЕВА.