Көп болып қолға алатын іс

Жұма, 05 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 114 рет

88

Мемлекет пен қоғамның даму жолындағы кедергісі, құқықтық-демократиялық дамудың кеселі – сыбайлас жемқорлық екендігі белгілі. Бұл – қоғам дамуын тежейтін қауіпті індет. Республикамызда жемқорлықпен күрес барысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауларынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін ешқашан да тыс қалдырған емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – барлық мемлекеттік органдардың тұрақты міндеті, осы орайда қазынашылық жүйесінде де бюджет қаражатын орынды, тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету барысында, ақпараттық-технология және байланыс-бағдарламаларын жылдан жылға жаңартып, қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық басқармада мемлекеттік мекемелерге қазынашылық қызмет көрсетудің жаңа үлгісі «Қазынашылық-клиент» ақпараттық бағдарламасы бойынша жұмыс жасалынуда. Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – ол қызметшілер мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері арасындағы қарым-қатынасты шектеу. Жемқорлықтың алдын алу бойынша басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары техникалық – оқу сабақтарында зерделеніп оқытылуда.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ай сайын эскиздерді жаңарту арқылы плакаттар мен жадынамаларды мемлекеттік мекемелердің көрнекі жерлеріне, қызмет алушыларды қабылдау терезелерінің алдына орналастыруды жалғастырудамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының 6-бабы бойынша барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші Заңның салтанат құруына атсалысса, көп болып қолға алсақ, әрбір мемлекеттік қызметкердің бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оған төзбеушілік мінездері орын алса, онда жегі құрттай болған қоғамдағы бұл аурудан құтылатынымызға сенімдімін.

Бахыт САДЫБАЕВ,

Қазығұрт аудандық қазынашылық

басқармасы басшысының орынбасары.