Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басым бағытымыз

Жұма, 05 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 126 рет

5686

Еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы салық органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Жалпы, салық органдарын ел экономикасының «күретамыры» деп ауыз толтырып айтуға болады. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған салада да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс және солай жасалып та отыр. Қазіргі уақыта еліміздегі бұл салада барлық заңдар заман талабына икемделіп, кәсіпкерлердің республика аймағында еркін әрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай жасалып отыр.

А.РАЕВ,

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы.