Жемқорлықпен аяусыз күресуге тиіспіз

Жұма, 05 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 119 рет

 

  

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

   Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдар мен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

   Жемқорлық – экономикалық дамуға, нарықтық экономиканы құру кезінде инвестициялар тарту процесін баяулататын демократиялық мемлекетіміздің саяси дәне қоғамдық институтына кері әсер ететін, еліміздің дамуына қауіп төндіретін құбылыс. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда және жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сондықтан, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

   Қандай да болмасын лауазымды «қолы да, жолы да ұзын» адамдар қызмет өкілеттігін пайдаланып азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекетке барса, сенім телефондарына хабарласып немесе құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Өз алдымызға тәуелсіз мемлекет болып, экономикасы дамыған елдер қатарына өмір сүріп жатқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы болуға тиіс.

         Б.ЖАМАЛБЕКОВ,

аудандық құрылыс, сәулет және

қала құрылысы бөлімінің бас маманы.