Жемқорлықтың алдын алайық!

Сейсенбі, 23 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 116 рет

 

Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне, не, үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі –парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс деген түсінік барша азаматтық санасында тұруы керек.

Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.

Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Сондықтан, ветеринария саласы бойынша туындаған келеңсіз мәселелер жөнінде 2-40-14 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.

Е.САДЫҚОВ,

аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы.