Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 73 рет

 

Жуырда Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапханада «Сыбайлас жемқорлықпен күресортақ іс» атты ой-бөлісу кеші өтті.

Кешті орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Р.Айтубай ашып, елімізде сыбайлас   жемқорлықпен күресуге қатаң талап қойылып отырғанын, сыбайлас жемқорлық еліміздің алға басуына кедергі келтіретінін, қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерінің бірі екендігін айтты. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі әдіскері Н.Нышанбаева оқушыларды адал жолға бағыттау, адалдыққа үйрету, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау, әділдікке тәрбиелеу тақырыптарында ой өрбітті. Кешке Т.Рысқұлов және Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейлерінің оқушылары қатысты.

Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көрініс. Ол еліміздің, қоғамымыздың және   жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді. Сондықтан, сыбайлас-жемқорлықпен күресуді Қазақстан Республикасы азаматтары азаматтық борышымыз деп білу керек.

Кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырып, жемқорлық жайында деректі фильм көрсетті.

Г.ӘБДІРАСІЛОВА,

                                                                       кітапханашы.