Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 52 рет

125

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Жемқорлық қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сондықтан да, бұл кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бір қалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті.

Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды бодырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүейсіндегі әртүрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

Нұрлан ЕРНАЗАРОВ,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің

мемлекеттік сатып алу және

коммуналдық меншік меңгерушісі.