Мекенжайыңызды қайта тіркеуді ұмытпаңыздар

Жұма, 23 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 41 рет

Маман ескертеді

 

2017-жылдың 1-қарашадан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа тетігі іске қосылды. "Әділет министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу процедурасын жеңілдетті. Бұл үшін ақпараттық жүйелер кірістірілді.

Жаңа тәртіп бойынша тіркеу кезінде азаматтардан баспанаға құқық белгілеуші құжаттар немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама талап етілмейді. Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу коды негізінде енгізіледі. Мекенжай тіркеу коды нысанның шынайы мекенжайын анықтап, дұрыс ақпаратты ақпараттық жүйелердің интеграциясына сәйкес автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда азаматтардың мекенжайының тіркеу кодының негізінде мекенжай мәліметтерін бірыңғай форматқа көшу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мекенжайдың тіркеу коды негізінде мекенжайы қойылмаған азаматтар Қазығұрт ауылы Д.Қонаев көшесі №90/1 ғимаратында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қазығұрт аудандық бөліміне өтінішпен жүгіне алады.

И.ТУРДАЛИЕВ,

Қазығұрт АПБ КҚҚТ-ның жетекші

маманы.