«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру»

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 220 рет

загруженное

 

   Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институтына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына қауіп төндіреді. Сондықтан, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

   Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Назарбаевтың нақты белгілеген мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің Қазақстан – 2050 стратегиясына дамыған мемлекеттердің жаңа саяси басымдықтараның бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атап өтті. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің бірі.

   Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Қазақстан бойынша, Қазығұрт ауданы және ұлттық парктің аумағында да жүргізіліп келеді. ҚР Сыбайлас жемқорлық туралы заңы, Нұр Отан партиясының 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы, сыбайлас жемқорлық төңірегіндегі барлық ережелер мен іс-шаралар өз дәрежесінде ұйымдастырылуда.

   Сайрам-Өгем МҰТП Өгем филиалы ұжымының арасында және филиал аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықтарының орындалуы тұрақты бақылауда. Жыл басынан бері филиал аумағында және ұжым арасында семинарлар, бірлескен рейдтер, жиындар мен БАҚ беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар жарық көрді.

С.Әзімбаев,

Сайрам-Өгем МҰТП Өгем филиалының бас орманшысы.