Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Жұма, 18 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 136 рет

                                     Маман ескертеді

c4de9fe96832a877668d0dced80657b8

        

Тұрғын үйлерде өрттің шығуы мен үй мүліктерін жалын шарпуы азаматтардың ұқыпсыздығынан орын алады. Егер де, әрбір тұрғын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, оның орындалуын қатаң бақылап, жауапкершіліктерін арттырып, жұмысты ширата түссек, онда өрттің шығуының алдын алған болар едік.

Өкінішке орай, аудан аумағындағы елдімекендердің барлығында бірдей өрт қауіпсіздігі ережелері қатаң сақтала бермейді. Соның салдарынан жыл сайын тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары орын алып жатады.

Әрбір өрт оқиғалары бойынша анықтау жұмыстарын жүргізгенде анықталғаны, тұрғын үй иелерінің төмендегі өрт қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлмеуі, атап айтсақ:

- жас балалардың сіріңкемен ойнауына жол бермеу;

- тұрғындардың отты қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;

- қолдан жасалған электр қыздырғыштарын пайдаланбау қажет;

- күн суытып, жылыту маусымы басталған соң ең кемі 2 айда бір рет мұржаны ыс күйеден тазалап тұру қажет;

- мал қораны жол бойынан өртке қарсы ара қашықтықты сақтап салу және жабық қорғағышы бар электр желілерін жүргізу керек;

- мал қораның шатыр бөлігіне шөп жинамау және аралық жабынға тасталған қамысты лаймен жауып тастау керек;

- шөпті жинаған кезде құрғақ болуы, яғни сулы болмау керек және тағы басқа да себептер.

Сондықтанда, өз-өздеріңізге ұқыпты болсаңыздар үйлеріңіз де, мүліктеріңіз де аман болып, өрттің алдын алар ек.  

З. ХАМЗА,

Қазығұрт ауданының төтенше

жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.