Жер қойнауын өз бетінше пайдалансаңыз, жазаланасыз!

Жұма, 18 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 132 рет

 

         Ауданы әкімі Т.Телғараевтың «Аудан, ауыл, елдімекен аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануға тосқауыл қою туралы» іс-шара бекітілген болатын. Онда:

       Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 334-бабы, яғни «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша;

      1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер, бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     Құрметті, ауыл округі тұрғындары! Заң бұзушылыққа қарсы тұрып, бірге күресейік!

Б.БАЛГАНОВ,

             Жаңабазар ауыл округі әкімі

аппаратының бас маман-заңгері.