Мақсат – жемқорлықтың алдын алу

Дүйсенбі, 04 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 213 рет

0222

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында: «Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреті шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметкері мен басқа да қызметтерді осыған тарта отырып, қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтау жолын кесуді, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық кеден және шекара қызметтері, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады» делінген.

Ауданымыздағы мекемелерде тексерулер жүргізіліп, тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерге құқық қорғау органдарына шара көру жайлы ұсыныстар жөнелтілді.

Сонымен қатар мемлекеттік лауазымға ие не соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымды кандиттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жері бойынша салық органына табыстары туралы мәлімдеме; салық салу обьектісі болып табылатын, оның ішінде ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік туралы аталған мүліктің бағаланған құны мен тұрған жері көрсетілген мәлімдеме; банк мекемесін көрсете отырып, банк мкемелеріндегі, соның ішінде ҚР аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге хақылы ақша қаражаты туралы; заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушы) ретінде өзінің тікелей немсе жанама қатысуы туралы; адамға немесе оның жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немсе уақытша сақтау жөніндегі онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелерді (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттері туралы толық мәліметтер табыс етуге тиіс.

М.НАРЫМБЕТОВ,

Есептеу, талдау және ақпаратты технологиялар  

бөлімінің бас маманы.