Мал ұрлығының алдын алайық!

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 93 рет

                           

        Дана халқымыз ұрлықтың қаншалықты жаман іс екені, оның артының жақсы болмайтынын, қаншама адамға зиянын  игізетінін әлдеқашан білген. Кісінің затын ұрлау арқылы өз абыройыңды ғана жоғалтып қоймай, дүйім жұртыңа, сондай-ақ, артыңдағы әулетің мен тәрбиелеп отырған ұрпағыңа өшпес күйе жағасың. «Ұрлық түбі – қорлық» деген бабаларымыз ұрының екі дүниеде де қор болатынын осындай бір ауыз сөзбен жеткізсе керек. Расында да, ертеден халқымыздың тіршілік көзіне айналған төрт түлік – қарапайым қазақ үшін қадірлі. Қорасындағы малынан көз жазып қалған жұрттың қамығатыны сондықтан. «Қазақтың міні – мал ұрлығы» деген Абай атамыздың сөзі әлі де өзектілігін жоя қоймағанына көзіміз жете түсуде.

Мал ұрлығына қарсы күрес жүргізу үшін қолға алынған шаралар баршылық. Бірақ, оның көбі мал ұрлығының азаюына ықпал етіп жатқан жоқ. 

       Қазіргі таңда аудандық ішкі істер бөлімінің жауапты мамандары тарапынан өздерінің қызмет атқаратын ауыл әкімшіліктерінде халық арасында жайылымдағы қараусыз жүрген мал ұрлығын алдын алуда мақсатында мал бағытын падашыларды жалдау немесе өздері малдарын бағулары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Е.ТҰРЛЫБЕКОВ,

аудандық полиция бөлімі

бастығының қызмет жөніндегі орынбасары.