Заңсыз жер қойнауын пайдалануға жол жоқ !

Дүйсенбі, 18 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 121 рет

 

   «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы – жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді зерттеу мен пайдалануға бағытталған.

Заңсыз жер қойнауын пайдалану – өзендердің су қорғау аймақтарында, орман және ауыл шаруашылығы жерлерінде жүргізіліп жатқандықтан, құқық бұзушылардың мұндай іс-әрекеттері тек мемлекеттің материалдық мүддесіне ғана емес, жергілікті аймақтың экологиялық қауіпсіздігіне де теріс әсерін тигізуде. Осыған байланысты, Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараевтың «Аудан, ауыл, елдімекен аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануға тосқауыл қою туралы» іс-шара бекітілген болатын. Заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату мақсатында әр ауыл округтерінде жер қойнауын пайдалануға мүмкіндік беретін техникаларға ескертулер беріліп кезекшілік ұйымдастырылған. Заңсыз жер қойнауын пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 334-бабымен жазаланады.

   Құрметті, ауыл округі тұрғындары! Заң бұзушылыққа жол бермей, бірге күресейік!

Н.АЛИЕВ,

Қ.Әбдәлиев ауылдық

округі әкімінің орынбасары.