Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Жұма, 22 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 72 рет

 

2014-жылы 26-желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті. Стратегияда мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары көрсетілген және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептері мен жағдайларын жою, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларын қамтиды. Стратегияда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ахуалына талдау жасалған, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар сипатталған, оларды жою жөніндегі тәсілдер мен басым шаралар, стратегияны іске асыру тетіктері көрсетілген. Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, мемлекет институттарына қоғамның сенімін, азаматтардың құқықтық сауаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті деңгейін көтеру, сондай-ақ, еліміздің халықаралық рейтінгін жақсарту шаралары қаралған. Мәңгілік Ел болу идеясын іске асырудағы бірден-бір шаралардың қатарына да сыбайлас жемқорлықпен күресті жатқызуға болады. Сондықтан, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетіп, жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз және қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз  қажет.

Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап, мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар қабылданған. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Елбасымыз алға қойған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп жұмыс істеуі, елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Міне, осы бағдарламаны Қазақстан азаматтарының санасына сіңдіру қазынашылық саласында қызмет етіп жүрген әр маманның да негізгі міндеті болып жүктелген. Жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілікті табанды түрде санаға сіңдіру мақсатында, ұжымда да іс-шаралар жиі өткізіліп отырады. Қазақстанның әр азаматы өзінің өмірдегі мұратына жету үшін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керек деп ойлаймын.     Елбасымыздың өзі тізгінін ұстап отырған еліміздің басты стратегияларының бірі – «Мәңгілі ел» ұлттық идеясы, осы «Мәңгілік елдің» тәуелсіздігін сақтау – біздің басты борышымыз. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Олардың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөздері бекер айтылмаған.

Нұржан Төлейов,

Қазығұрт аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы