Жемқорлық – індет, күресу – міндет!

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 212 рет

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық – індет, оған қарсы күрес –міндет деп айтып  жүрміз. Ендеше, оның алдын алу үшін халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет.

Болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене қарауы үшін біз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сілтей аламыз?! Бүгін, ертең демесек те, алдағы 10-15 жылдан  кейін сыбайлас жемқорлықты толығымен ауыздықтап тастамасақ та, оның қазіргіден әлдеқайда әлсізденетіндігіне өз басым кәміл сенемін. Сол мақсатқа жету үшін әрбір отбасында,  балабақшада тәрбиеленетін, мектепте білім алатын баланың бойына имандылық пен адамгершілікті, еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді тереңінен сіңіруіміз шарт. Жаны таза, ары ақ, елі мен жерін көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшін ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сонда ғана біз оны қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін жемқорлықтай келеңсіз әлеуметтік құбылыстан арашалай аламыз. Сол себепті, ұлтжанды азамат тәрбиесіне селқос қараудан аулақ болған жөн. Қайта, бар назарымызды ұрпақ тәрбиесіне шоғырландыра алсақ, жарқын болашаққа  сенімді әрі нық қадам тастарымыз анық.

Гүлжан АХАЕВА,

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының басшысы.